Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі
2026 жылы 26 ақпанда Алматы қаласы Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин Ғылыми Зерттеу Институтында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында срапшылар форумы өтті.
Іс-Шараның мақсаты – конституциялық жобаны талқылау және азаматтық қоғамның демократиялық институттары одан әрі дамытуға қатысты ортақ ұстанымдарын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық диалогты нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған бірыңғай позицияны қалыптастыру.
«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Сейтжанов Қ. өз сөзінде елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың стратегиялық маңыздылығына тоқталып, олардың мемлекеттің тұрақты дамуы мен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Жаңашыл бастамалардың ауылдық аумақтардың дамуына ерекше серпін беретінін және өңірлердегі экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуының берік іргетасы. Мемлекеттің басты заңы қоғамдағы өзгерістерге сай жаңарып, заман талабына жауап беруі – елдің тұрақты дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы тұрғыда жүргізілген конституциялық реформалар Қазақстанның жаңа даму кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетеді.
«Ауыл» партиясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметті.





