КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция мүшелері №24 мектеп лицейінің ұжымымен кездесу өткізді. Жұмысшы топ құрамында Нұрлан Түймелиев, Айдар Абдрахманов, Гулзира Болатовна болды.
Кездесудің басты мақсаты – Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын жан-жақты түсіндіру, оның елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған негізгі басымдықтарын талқылау болды.
Жиында Конституция жобасында қамтылған негізгі өзгерістер, олардың құқықтық және әлеуметтік маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және қоғамның саяси белсенділігін арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында жұмысшы топ мүшелері азаматтарды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырып, әр азаматтың пікірі мен таңдауы ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтті. Қатысушылар өз кезегінде, елдің даму жолына бейжай қарамай, жауапкершілікпен қарайтындықтарын білдірді.





