Пятница, 27 Февраля 2026

Коалиция мүшелері №6 қазақ орта мектеп-лицейі ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері №6 қазақ орта мектеп-лицейі ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Есік қаласындағындағы  №6 қазақ орта мектеп-лицейі педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Смадылов Совет.

Ұжым өкілдері референдумның ел дамуы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Другие новости

Культура безопасности в семье

Культура безопасности в семье

В Доме культуры города Қонаев прошел семинар-трени...

  27.02.2026   6
Профилактика вместо протоколов

Профилактика вместо протоколов

В области всерьез взялись за то, чтобы бороться с...

  27.02.2026   19
Бірлік ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Бірлік ауылында цифрлық құқықтар мәселесі талқыланды

Балқаш ауданындағы Бірлік ауылының тұрғындарымен ө...

  27.02.2026   66
Абылай хан орта мектебінің ұжымында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Абылай хан орта мектебінің ұжымында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Есік қаласындағы Абылай хан орта мектебінің педаго...

  27.02.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.