Вторник, 03 Марта 2026

Коалиция мүшелері Б. Момышұлы мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Б. Момышұлы мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Қаражота ауылындағы Б. Момышұлы мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.
Жиынға ұстаздар қауымы, ауыл тұрғындары және ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Жиынның мақсаты – Ата Заңның жаңа жобасымен таныстыру, оның негізгі бағыттарын түсіндіру және алдағы референдумның маңызын кеңінен насихаттау болды.

Кездесу барысында жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарына айрықша басымдық берілгені атап өтілді. Әсіресе азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті қоғам қалыптастыру бағытындағы өзгерістерге кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар білім беру саласына қатысты нормалар, педагог мәртебесін арттыру, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту мәселелері сөз болды. Қатысушылар жаңа редакцияда әлеуметтік мемлекет қағидаттарының сақталғанын және әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тетіктердің қарастырылғанын қолдады.

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Ұстаздар мен ауыл ақсақалдары өз ойларын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Кездесу қорытындысында жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысынан туындаған маңызды құжат екені айтылып, оның ел дамуы үшін маңызы ерекше екені атап өтілді.

Другие новости

Бүгін Қонаев қалалық коалициялық штаб мүшесі ретінде Қонаев қаласындағы “Асау Барақ” атындағы жеке меншік мектеп ұжымымен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу өткіздік

Бүгін Қонаев қалалық коалициялық штаб мүшесі ретінде Қонаев қаласындағы “Асау Барақ” атындағы жеке меншік мектеп ұжымымен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу өткіздік

Бүгін Қонаев қалалық коалициялық штаб мүшесі ретін...

  03.03.2026   40
Ақтоған мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Ақтоған мектебінің ұжымында Конституциялық реформа талқыланды

Ақтоған ауылындағы Ақтоған мектебінің  педаго...

  03.03.2026   74
Коалиция өкілдері

Коалиция өкілдері "Алатау жарық компания" электр торабының ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   89
Коалиция мүшелері Б. Момышұлы мектебінің ұжымымен кездесті

Коалиция мүшелері Б. Момышұлы мектебінің ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  03.03.2026   79
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.