Вторник, 10 Марта 2026

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Республикалық референдумға дайындық: мүгедектігі бар адамдар үшін учаскелердің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі

Қазақстанда республикалық референдумға дайындық аясында дауыс беру учаскелерінің барлық азаматқа қолжетімді болуына ерекше назар аударылып отыр. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында Орталық референдум комиссиясының мүшелері елдің барлық өңіріне инспекциялық сапарлар жасап, учаскелердің жабдықталу деңгейін тексерді.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуы бойынша дауыс беру учаскелерін заңнама талаптарына толық сай әзірлеу қажеттігі, әсіресе мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы әрі кедергісіз орта қалыптастыру мәселесіне басымдық берілуде.
«Бүгінде барлық дауыс беру учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы бұрыштар жабдықталған. Онда компьютерлер, үлкейткіш әйнектер, қосымша жарық көздері, дауыс беру бюллетеніне арналған Брайль қарпіндегі трафареттер, сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудио нұсқалары қарастырылған.
Сонымен қатар, учаскелер пандустармен, кіреберістегі тактильді көрсеткіштермен және ғимарат ішіндегі тактильді навигация құралдарымен қамтамасыз етілген. Ал мұндай жабдықтар әлі толық орнатылмаған нысандарда жергілікті атқарушы органдар уақытша пандустар мен тактильді бағыттағыштарды орналастыру жұмыстарын қолға алған. Бұл мүгедектігі бар адамдардың дауыс беру учаскелеріне еш кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді», - деді Нұрлан Әбідров.
Дауыс беру күні де қосымша қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар азаматтар үшін инватакси қызметі мен сурдоаудармашылардың көмегі ұсынылады. Бұл олардың референдумға толыққанды қатысуына жағдай жасаудың маңызды тетігі болмақ.
«Комиссия мүшелерін даярлау ісі де назардан тыс қалған жоқ. Учаскелік комиссияларды қоса алғанда, комиссия мүшелері мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктеріне қатысты арнайы оқытудан өтті. Оқу барысында қарым-қатынас әдебі, дұрыс терминологияны қолдану және мүгедектігі бар азаматтардың түрлі санаттарымен тиімді жұмыс істеу ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді», - деді ОРК Төрағасы.
Бұдан бөлек, еліміздің үш өңірінде – Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарында пилоттық жоба аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған жаңа инновациялық шешімдер енгізілген бір-бірден арнайы дауыс беру учаскесі жұмыс істейтін болады.
Осылайша, республикалық референдумға дайындық барысында инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған нақты шаралар қолға алынып отыр. Бұл әр азаматтың өзінің конституциялық құқығын тең жағдайда және қолайлы ортада жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Другие новости

Жители области Ұлытау высказались в поддержку проекта новой Конституции на встрече с членами Общенациональной коалиции

Жители области Ұлытау высказались в поддержку проекта новой Конституции на встрече с членами Общенациональной коалиции

В Жезказгане, на площадке Казахского музыкально-др...

  10.03.2026   87
Аида Балаева: Автор Конституции – весь народ, а значит, у нас общая ответственность

Аида Балаева: Автор Конституции – весь народ, а значит, у нас общая ответственность

В рамках поездки членов Общенациональной коалиции...

  10.03.2026   72
Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, жауапкершілік те бәрімізге ортақ

Аида Балаева: Конституцияның авторы – бүкіл халық, демек, жауапкершілік те бәрімізге ортақ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  10.03.2026   74
Завершена аккредитация международных наблюдателей к референдуму: 359 наблюдателей из 38 стран и 11 международных организаций будут наблюдать за референдумом

Завершена аккредитация международных наблюдателей к референдуму: 359 наблюдателей из 38 стран и 11 международных организаций будут наблюдать за референдумом

В Казахстане продолжается системная подготовка к р...

  10.03.2026   81
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.