Суббота, 14 Марта 2026

14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды

14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды

14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының бастауы саналатын бұл күнде облыстың барлық аудандары мен қалаларында түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде 13-наурыз күні Іле, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл аудандары көштің басын бастап берсе, Алатау, Қонаев қалалары мен Райымбек, Балқаш, Кеген, Қарасай аудандары мерекенің жалғасын 14-наурыз күні сән-салтанатымен көріктендірді.

Бұл күні жұртшылық бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, үлкендерге құрмет көрсетіп, ұлттық дәстүрді дәріптеді. Облыстың орталық алаңдары мен мәдениет үйлерінде ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар, театрландырылған көріністер және көрмелер ұйымдастырылып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Әсіресе жастар мен еріктілердің белсенді қатысуы мерекенің мазмұнын байыта түсті. Олар үлкен буын өкілдерін арнайы құттықтап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты.

Көрісу күні – татулық пен бірліктің, сыйластық пен құрметтің символы. Осы игі дәстүр арқылы тұрғындар бір-біріне ақ тілектерін арнап, жаңа жылдың бастауын жақсылықпен қарсы алды.

Алматы облысында өткен бұл мерекелік іс-шаралар ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігін тағы бір мәрте айқындап, ел бірлігі мен рухани сабақтастықтың маңызын көрсетті.

Другие новости

6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді

6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді

14 наурыз күні 6654 әскери бөлімінде қазақ халқыны...

  14.03.2026   69
Қос ауылдағы қос қуаныш

Қос ауылдағы қос қуаныш

Көрісу күні қарсаңында ауданымызда бірнеше ақжолта...

  14.03.2026   69
День прощаний и объятий

День прощаний и объятий

Декада праздничных дней под общим названием «Науры...

  14.03.2026   91
14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды

14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы облысында ерекше ықыласпен және жоғары деңгейде тойланды

14 наурыз – Амал мерекесі, яғни Көрісу күні Алматы...

  14.03.2026   89
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.