Суббота, 14 Марта 2026

6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді

6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді

14 наурыз күні 6654 әскери бөлімінде қазақ халқының ежелден келе жатқан игі дәстүрі – Көрісу амалы кеңінен аталып өтті. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, ақжарма тілектерін білдіретін ерекше мереке.
Ата дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға әскери бөлімнің офицерлері, сержанттары және сарбаздары қатысты. Әскери қызметшілер бір-бірімен қол алысып көрісіп, ізгі тілектерін айтып, бірлік пен татулықтың маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында Көрісу амалының тәрбиелік мәні, оның халқымыздың рухани мәдениетіндегі орны жайлы сөз қозғалды. Әсіресе жас сарбаздарға ұлттық салт-дәстүрдің маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды құндылықтарды дәріптеу басты назарда болды.
Сонымен қатар, әскери бөлімде ұлттық дәстүрлерді насихаттауға арналған шағын мәдени шаралар ұйымдастырылып, әскери қызметшілер арасында мерекелік көңіл-күй қалыптасты.
Осындай тағылымды іс-шаралар арқылы 6654 әскери бөлімінің ұжымы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, жас буынға үлгі көрсетіп келеді. Көрісу амалы – татулық пен берекенің, бірлік пен сыйластықтың белгісі ретінде әскери бөлімде жоғары деңгейде аталып өтті. 

Мақала жазған подполковник Жетібаев Тұрлыбек Абайұлы!

Другие новости

Обнимая весну

Обнимая весну

Сегодня в Казахстане отмечается Көрісу күні – один...

  14.03.2026   78
6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді

6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді

14 наурыз күні 6654 әскери бөлімінде қазақ халқыны...

  14.03.2026   82
Қос ауылдағы қос қуаныш

Қос ауылдағы қос қуаныш

Көрісу күні қарсаңында ауданымызда бірнеше ақжолта...

  14.03.2026   90
День прощаний и объятий

День прощаний и объятий

Декада праздничных дней под общим названием «Науры...

  14.03.2026   104
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.