Воскресенье, 15 Марта 2026

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы референдумда дауыс берді

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров республикалық референдумда өз таңдауын жасап, Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесінде дауыс берді.

Ол белгіленген учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Референдум – бұл әр азаматқа ел тағдырына тікелей қатысуға берілген маңызды мүмкіндік. Мұндай сәттерде қоғамның белсенділігі мен азаматтардың жауапкершілігі ерекше мәнге ие. Біз бүгін өз таңдауымыз арқылы еліміздің болашағына қатысты ортақ шешім қабылдауға үлес қосып отырмыз. Сондықтан әрбір азаматтың дауыс беруі – мемлекеттің даму бағытын айқындауға қосқан нақты үлесі деп есептеймін», – деді Серік Нұрқадыров.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Другие новости

Высокая активность избирателей

Высокая активность избирателей

Председатель участка для голосования №943 в городе...

  15.03.2026   45
Забота о людях с ограниченными возможностями

Забота о людях с ограниченными возможностями

На участках референдума в городе Қонаев созданы вс...

  15.03.2026   34
Голос материнского сердца

Голос материнского сердца

В районном Доме культуры села Шонжы сегодня царит...

  15.03.2026   56
Передавая духовные ценности

Передавая духовные ценности

Аксакал Ертилеу Тазабеков одним из первых пришел н...

  15.03.2026   56
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.