Четверг, 08 Октября 2026

Танымал өнер иесі өз таңдауын жасады

Танымал өнер иесі өз таңдауын жасады

Талғар ауданындағы №833 референдум учаскесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал өнер иесі Сәбит Әбдіхалықов алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 
– Бұл референдум еліміздің ертеңі үшін өте маңызды. Өйткені халқымыз жаңа Конституция үшін дауыс береді. Егер ол қабылданып жатса, еліміздің саяси жүйесі мүлде өзгереді, республикамызда бір палаталы Парламент құрылады. Ол заңдардың қабылдану мерзімін анағұрлым қысқартып, қазіргі ғылым мен білім, жаңа техника мен технология, жасанды интеллект дәуірінде қажетті құқықтық құжаттардың тез қолданысқа еніп, республикамыздың жан-жақты жедел дамуына жол ашады. Меніңше, мұны бәріміз қалаймыз. Халқымыздың, келешек ұрпағымыздың табысты, бақытты өмір сүруі бәріміздің арман-мақсатымыз. Сол себепті де мен бүгін алғашқылардың бірі болып, өзімнің азаматтық парызымды атқардым, – деді танымал актер.

Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   105
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   97
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   101
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   88
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.