Суббота, 21 Марта 2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурыз мерекесін атап өтті

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурыз мерекесін атап өтті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Наурыз мерекесі қарсаңында Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығына арнайы барып, тәрбиеленушілермен жүздесті. Аймақ басшысы балалармен бірге ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты аялауға шақырды. Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, балалар мен тәрбиешілерге ізгі тілегін арнады.

«Қымбатты балалар! Бүгінгі білімді, зерек, ізденімпаз балалар – ертеңгі елдің тірегі. Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, жақсы оқып, заманауи технологияларды меңгеруге талпынған жөн. Мемлекет тарапынан, соның ішінде Алматы облысының әкімдігі тарапынан сендердің сапалы білім алуларыңа, спортпен айналысып, өнер мен шығармашылыққа бейімделуге барлық жағдай жасалуда. Біздің басты тілегіміз - сендердің қанаттарың қатайып, үлкен азамат болып өскендеріңді көру. Араларыңнан ел намысын қорғайтын чемпиондар, озық ойлы ғалымдар мен халқына адал қызмет ететін тұлғалар шығатынына мен кәміл сенемін. Еліміздің ертеңі - сендердің қолдарыңда.

Қадірменді тәрбиешілер! Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын. Жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз – еліміздің баянды болашағын қалыптастыруға қосылған үлкен үлес», – деді Марат Елеусізұлы.

Мерекеге орай ұлттық нақышта безендірілген орталық алдында тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салып, театрландырылған қойылым көрсетті.

Шара барысында танымал балмұздақ өндіруші – «Шин-Лайн» компаниясының тәттілері таратылды. Компания басшысы Андрей Шин балаларды тәтті балмұздақтар қалай дайындалатынын көріп, өндіріс жұмысымен танысуға шақырды. Сондай-ақ ай сайын орталыққа балмұздақ әкеліп тұрамын деген уәдесін берді. Әкімдік тарапынан жас ерекшелігіне қарай кітаптар сыйға тартылып, орталыққа музыкалық құрал-жабдықтар берілді.

Марат Елеусізұлы балалармен подкаст форматында әңгіме өрбітіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Орталық тәрбиеленушісі Виталий Коршев: «Бүгін біздің үйде Наурыз мерекесі тойланды. Ән шырқап, би билеп, тәтті балмұздақтан да дәм таттық. Осындай мүмкіндік берген жандарға рақмет», – деген лебізін білдірді.

Алматы облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Айгүл Есімбекова өңірдегі әрбір баланың құқығы мен қауіпсіздігі бақылауда екенін айтты.
«Қандай да бір күрделі мәселелер, өмірлік қиын сәттер туындаған жағдайда жедел көмек көрсетеміз. Әсіресе осы Қонаев қаласындағы Балаларды қолдау орталығы ерекше назарымызда. Мұнда жиі келіп тұрамын. Тәрбиеленушілердің әрқайсысын жеке танимын. Мұнда өте жақсы жағдай жасалған. Олармен білікті мамандар жұмыс істейді. Бастапқыда мінезі тұйық, көпшілік арасында қысылатын балалар қазір ашылып, өзін еркін сезінетін болған. Түрлі бағыттағы іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған балалар үлкен ықыласпен қатысады. Осы орайда облыс әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін. Марат Елеусізұлы үнемі кездесу өткізіп, балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі», – деді Айгүл Қанатқызы.

Осылайша шуақты көктемнің жылуын ала келген Әз-Наурызда балалардың жүрегіне де мейірім шуағы құйылып, шаттыққа кенелді.

Другие новости

Марат Султангазиев поздравил детей с Наурызом и поддержал их творческие инициативы

Марат Султангазиев поздравил детей с Наурызом и поддержал их творческие инициативы

В преддверии праздника Наурыз аким области Марат С...

  21.03.2026   156
Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурыз мерекесін атап өтті

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурыз мерекесін атап өтті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Наурыз м...

  21.03.2026   154
Внимание важнее слов

Внимание важнее слов

В День единства и солидарности глава региона Марат...

  21.03.2026   156
Праздничный ритм Наурыза

Праздничный ритм Наурыза

Празднование Наурыза в городе Қонаев в этом году в...

  21.03.2026   85
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.