Пятница, 14 Августа 2026

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері қарсаңында Іле ауданында соғыс ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Тағылымды іс-шара «AMANAT» партиясының «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатсының орынбасары Аслан Кубентаев бастаған партия өкілдері –аудандық партия филиалы төрағасы Алмасбек Сатибаев және «Ащыбұлақ» БПҰ төрағасы Гамзе Гейдаров 103 жастағы Тәңірберген Толғанбаев атамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Ғасырдан асқан ғұмыр иесін құттықтаған Аслан Кубентаев оның еңбекке толы өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге екенін ерекше атап өтті.
«Тәңірберген атамыздың өмір жолы – табандылық пен адал еңбектің айқын үлгісі. Осындай ардақты жандардың еңбегін ұлықтау – біздің азаматтық парызымыз. Олар бізге бейбіт өмір мен тұрақтылықтың қадірін ұғындырды», – деді ол.

Құрмет белгісі ретінде Тәңірберген Толғанбаевқа  сый-сияпат табыс етіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Өз кезегінде ғасыр жасаған ардагерлер арнайы келіп, құрмет көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді.


Тәңірберген Толғанбаев – саналы ғұмырын еңбекпен өрген ардақты жан. Қиын-қыстау кезеңдерді сабырмен еңсеріп, адал еңбегімен айналасына үлгі бола білген. Бүгінде 103 жасқа толған Тәңірберген ата – бірлік пен берекенің символына айналған қадірлі жан.

#AMANAT

Другие новости

Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр

Дауыс беруге екі апта қалды: Қазақстандағы сайлауалды науқан қалай өтіп жатыр

Құрылтай сайлауына екі аптадан аз уақыт қалды. Осы...

  13.08.2026   116
Две недели до голосования: как проходит предвыборная кампания в Казахстане

Две недели до голосования: как проходит предвыборная кампания в Казахстане

До выборов в Курултай остается меньше двух недель,...

  13.08.2026   122
Эксперты обсудили ключевые тенденции избирательной кампании «Сайлау-2026»

Эксперты обсудили ключевые тенденции избирательной кампании «Сайлау-2026»

13 августа в Алматы состоялось заседание экспертно...

  13.08.2026   138
Региональный избиратель неоднороден: эксперт о новой логике партийных кампаний

Региональный избиратель неоднороден: эксперт о новой логике партийных кампаний

Успех политической партии в регионах во многом зав...

  13.08.2026   126
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.