Суббота, 03 Октября 2026

Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы Құрманжан Датқа атындағы Көшпелі өркениет орталығында түркі әлемінің баға жетпес рухани мұрасы – Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегіне арналған тұрақты экспозиция салтанатты түрде ашылды. Бұған дейін 2024 жылы Бішкекте, ал 2025–2026 жылдары Астана мен Түркістан қалаларында көпшілік назарына ұсынылған көрме енді Ыстықкөл өңірінде тұрақты жұмыс істейтін мәдени кеңістікке айналды. Бұл бастама Қырғыз Республикасының Бірінші ханымы Айгүл Жапарованың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Жобаны Түркі мәдениеті және мұрасы қоры Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен (TİKA) және Түркі дүниесі қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Салтанатты рәсімде Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова сөз сөйлеп, көшпелі көрменің тұрақты экспозиция мәртебесіне ие болуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, 2024 жылы Бішкекте бастау алған мәдени жоба бүгінде жаңа мазмұнмен толығып, Ыстықкөлде өз жалғасын тауып отыр. Сондай-ақ ол «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің түркі халықтарының тілі мен мәдениетін, тарихи танымы мен рухани сабақтастығын зерделеудегі айрықша орнын атап, ортақ мұраны келер ұрпаққа аманаттаудың маңыздылығына тоқталды.Іс-шара барысында Түркия Республикасының Бішкектегі елшісі Мұстафа Кемал Өкем, TİKA басшысы Абдуллах Ерен, Түркі дүниесі қоры Басқармасы төрағасының орынбасары Осман Өзсой және Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің орынбасары Союзбек Надырбеков те сөз сөйледі. Баяндамашылар Махмұд Қашқаридің Ыстықкөл және Барсқан өңірлерімен тарихи байланысына кеңінен тоқталып, ғұламаның еңбегі түркі халықтарының ортақ тарихи жады мен мәдени бірегейлігін айқындайтын құнды мұра екенін жеткізді. Сонымен қатар тұрақты экспозицияның түркі өркениетінің бай мұрасын халықаралық деңгейде танытуға, оны зерттеп-зерделеуге және сақтауға қосар үлесі ерекше екені айтылды.Көрменің ашылу салтанатына Қырғызстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және мәдениет мекемелерінің басшылары, ғалымдар, сондай-ақ жергілікті және шетелдік қонақтар қатысты. Айта кетейік, «Диуани лұғат ат-түрк» экспозициясының Ыстықкөлде тұрақты негізде жұмыс істеуі – түркі халықтарына ортақ рухани мұраны сақтау мен насихаттау жолындағы маңызды мәдени бастамалардың бірі. Тарихи жәдігерлер мен танымдық материалдар топтастырылған көрме келушілерге түркі дүниесінің бай тарихын, тілдік және мәдени құндылықтарын тереңірек танып-білуге мүмкіндік береді. Осылайша, Махмұд Қашқари мұрасы жаңа мәдени кеңістікте жаңғырып, тарих пен бүгінді жалғаған рухани сабақтастықтың жарқын үлгісіне айналып отыр.

Другие новости

Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

Махмұд Қашқари мұрасы Ыстықкөлде ұлықталды: «Диуани лұғат ат-түрк» көрмесі тұрақты экспозицияға айналды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Ыс...

  03.10.2026   67
Жамбыл вновь собрал мастеров меткого слова

Жамбыл вновь собрал мастеров меткого слова

Живое слово, мгновенная реакция и поэтическая импр...

  03.10.2026   73
Главный подарок внуку

Главный подарок внуку

Книга, которую когда-то читала бабушка, может мног...

  02.10.2026   125
Алматы облысындағы мәдениет пен ақпарат саласының қызметкерлеріне  Мемлекет басшысының атынан марапаттар табысталды

Алматы облысындағы мәдениет пен ақпарат саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табысталды

Алматы облысында мәдениет және ақпарат саласының қ...

  02.10.2026   150
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.