Понедельник, 19 Октября 2026

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

2026 жылғы 12 маусымда Қонаев қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік ведомствоаралық штабтың кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа Алматы облысы әкімінің міндетін атқарушы Қанат Болатұлы Есболатов төрағалық етті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Амангелдіұлы Саданов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Жәнібекұлы Әлжанов, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі республикалық және өңірлік кеңестердің мүшелері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында нашақорлықтың алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес, кәмелетке толмағандар мен жастардың есірткі ортасына тартылуының алдын алу, халыққа наркологиялық көмек көрсету, сондай-ақ аталған бағыттағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы іс-қимыл шараларына, сондай-ақ жастар арасында есірткіге төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға профилактикалық жұмысты күшейтуге, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, есірткі қылмыстарына қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға және жастарды есірткінің заңсыз айналымына тартудан қорғауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Другие новости

Верность долгу и признание заслуг

Верность долгу и признание заслуг

В Доме культуры города Қонаев прошло торжественное...

  19.10.2026   94
КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

КО ДНЮ РЕСПУБЛИКИ СТАРТОВАЛА АКЦИЯ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ»

В преддверии Дня Республики Казахстан в рамках рес...

  19.10.2026   107
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «САҒАН КІТАП АРНАДЫМ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Республика күні қарсаңында «Кітап оқитын ұлт» мара...

  19.10.2026   126
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Бер...

  19.10.2026   116
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.