«Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» атты республикалық форум өз жұмысын бастады
26 маусым күні Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» атты республикалық форум өз жұмысын бастады.
Алматы облысы әкімдігінің ғимаратында өткен алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Ғ. Майлыбаев, мемлекеттік орган өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемелерінің директорлары, этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және белсенді жастар қатысуда.
Форум спикерлері:
Б. Қ. Мастеков – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ведомствоаралық үйлестіру басқармасының басшысы;
А. Ә. Осман – «Алматы облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы;
Р. А. Кайрыев – «Қазақстан ұйғыр жастар одағы» РҚБ төрағасы;
В. В. Плетнева – Алматы облысы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы.
Шараның басты мақсаты – еліміздегі этносаралық келісімді нығайту, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер мен жастар арасындағы сындарлы диалогты дамыту және ҚХА-ның қоғамдағы рөлін арттыру.
Ауқымды шара аясында мәдени-танымдық орындарды аралау, қоғамдық келісімді нығайтудың үздік тәжірибелерін талқылау және жастарға арналған пікірталас алаңдары жоспарланған. Форум қорытындысы бойынша өңіраралық байланыстар бекіп, ел бірлігін дәріптейтін жаңа жобаларға серпін беріледі деп күтілуде.






