Суббота, 03 Октября 2026

Көк аспаннан маңызды үндеу: әуе шоуына қатысушылар қазақстандықтарды Құрылтайда дауыс беруге шақырды

Көк аспаннан маңызды үндеу: әуе шоуына қатысушылар қазақстандықтарды Құрылтайда дауыс беруге шақырды

Алматы облысында дәстүрлі «Байсерке аспаны» әуе шоуы өтті. Іле Алатауының баурайында ұйымдастырылған ауқымды шараға кәсіби ұшқыштар, парашютшілер, авиация саласының өкілдері мен 10 мыңнан астам көрермен жиналды. Олардың арасында әуе шоуын отбасымен тамашалағандар да аз болған жоқ.

Әуе шоуының салтанатты бөлігі Қазақстанның Мемлекеттік Туы орнатылған Ми-2 тікұшағының көрсетілімімен ашылды. Көлемі 8х4 метр болатын Көк байрақ әуеайлақ үстінде желбіреді.

Күні бойы көрермендер көк аспандағы әуе кемелерінің шеберлігіне тәнті болды. Ми-2 тікұшағы, Ан-2, Socata, Як-18Т, Як-52 және Як-55 ұшақтары, сондай-ақ мотодельтапландар әуеге көтерілді. Ұшқыштар жеке және топтық ұшулар кезінде жоғары пилотаж элементтерін көрсетіп, көк жүзінде із қалдырды. Әуе кемелері 100 метрден 1400 метрге дейінгі биіктікте ұшты.

Бағдарламаның ең әсерлі сәттерінің бірі Ан-2 ұшағынан парашютшілердің түсуі болды. Олар 1000 метрден астам биіктіктен секіріп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Бұл жолғы әуе шоуының тағы бір ерекшелігі – оның қоғамдық маңызы бар үндеумен астасуы. Алда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына орай Ми-2 тікұшағы әуеайлақ үстімен «Жаңару үшін дауыс бер!» деген жазуы бар баннерді алып ұшты. Осылайша әуедегі көрініс көрерменді саяси науқанда белсенділік танытып, 23 тамыздағы сайлауға біркісідей қатысуға шақырды.

Іс-шара бағдарламасы мазмұнды болды. Әуеайлақта авиациялық техника көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар түрлі ұшақ пен тікұшақтарды жақыннан тамашалап, олардың құрылымымен танысты. Сонымен қатар авиация саласының мамандарымен тілдесіп, ұшқыштар мен өзге де кәсіби мамандардың жұмысы туралы ақпарат алды. Әсіресе көрме балалар мен жастардың қызығушылығын тудырды.

Әуе шоуына Қазақстанның ғарышкері Айдын Айымбетов, «Отан» аэроклубы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Юрий Ельцов, «Тянь-Шань» авиациялық орталығының бас директоры Владимир Анцупов, Қазақстанның шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев және авиация саласының өзге де өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсатының бірі – Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту. Қатысушылар жастар арасында авиациялық және техникалық мамандықтарды насихаттап, авиациялық мәдениетті қалыптастыруға және саланың дамуына серпін беруге басымдық берді. Сонымен қатар мұндай ауқымды шаралардың Алматы облысының туристік әлеуетін арттырудағы маңызына назар аударылды.

Қонақтар үшін ойын-сауық және интерактивті алаңдар жұмыс істеп, түрлі ұтыс ойындары мен DJ-сеттер ұйымдастырылды. Келушілер күні бойы әуе кемелерінің өнерін тамашалап қана қоймай, авиациялық техникамен танысып, сала мамандарымен еркін пікір алмасты.

«Байсерке аспаны» әуе шоуы биыл да авиация әлемінің қызығы мен кәсіби шеберлікті, отбасылық демалыс пен қоғамдық маңызы бар шараны бір арнаға тоғыстырды. Дәстүрлі шара Алматы облысындағы айтулы оқиғалардың біріне айналып, авиацияны насихаттауға, жастардың қызығушылығын арттыруға және өңірдің туристік әлеуетін танытуға өз үлесін қосып келеді.

Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Елдің әрбір азаматы үшін бұл – өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын танытатын маңызды күн. Әуе шоуы аясындағы «Жаңару үшін дауыс бер!» деген үндеу көк аспанның символикалық белгісіне айналды.

Другие новости

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңесі орта бизнестің үлесін 20%-ға дейін арттыру жолдарын ұсынды

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қаз...

  03.10.2026   127
В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева

В Алматинской области широко отмечают 180-летие Жамбыла Жабаева

В Алматинской области масштабно отмечают 180-летни...

  03.10.2026   133
Право начинается со школьного порога

Право начинается со школьного порога

Пять новых школ на 4200 мест открылись этой осенью...

  03.10.2026   141
По словам Главы государства, новые возможности искусственного интеллекта открывают широкие горизонты для развития потенциала молодежи

По словам Главы государства, новые возможности искусственного интеллекта открывают широкие горизонты для развития потенциала молодежи

По словам Главы государства, новые возможности иск...

  02.10.2026   198
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.