Среда, 07 Октября 2026

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ұрпағы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. Ақынның отызға жуық шөбере-шөпшегі алдымен Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейде жиналып, аталарының рухына тағзым етті. Кейін ғасыр жасаған Жамбылдың шөбересі Салтанат Жамбылова атасы туралы жылы естелік айтып, халықты ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи сәтте белсенді болуға шақырды.
«Жамбыл атамыз ғұмыр бойы ел бірлігі мен халықтың ынтымағын жырлап өтті. Оның әрбір жырынан туған жерге деген сүйіспеншілік, ел тағдырына деген алаңдаушылық сезіледі. Біз оның ұрпағы ретінде бабамыздың осы аманатына адал болып, елдің болашағына бейжай қарамауымыз керек. Бүгін Құрылтай сайлауына қатысып, ұлт тағдырына әсер ететін тарихи сәтте өз таңдауымызды жасауға келдік», – деді ақынның ұрпағы Салтанат Жамбылова.
Музейге келген қауым жыр алыбы Жамбылдың әулетімен бірге сайлау учаскесіне жаяу бет алды. Жол бойы домбырашылар халық күйлері мен әуендерін орындап, сайлаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 
Жамбыл Жабаев – отанға деген махаббатты жырына қосқан ақын. Оның өлеңдері бір жарым ғасыр өтсе де, өзектілігін жоғалтпай, халықтың жадында сайрап тұр. Сондықтан ақынның ұрпағы да осы ұстанымнан айныған емес. Олар қоғам өміріне белсене араласып, азаматтық таңдау жасау арқылы ел болашағын айқындауға үлес қосып келеді.
Айта кетерлігі, биыл – қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Ол өмірінің соңғы жылдарын Алматы облысында өткізді. Жыр алыбы тұрған үй қазір Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей ретінде жұмыс істеп тұр. Киелі шаңыраққа ақынның шөбересі Салтанат Жабаева жетекшілік етуде. Бүгінде Жамбыл әулеті – елге белгілі, халық құрмет тұтатын азаматтар. Жүз жасаған Жамбыл атамыздың ұрпағы түгелдей Алматы облысында тұрады.

Алматы облысының ӨКҚ

Другие новости

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   85
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   79
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   83
От проблемы к ее решению

От проблемы к ее решению

Для жительницы областного центра Салтанат Жумабай...

  07.10.2026   76
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.