Четверг, 08 Октября 2026

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Бүгін осы өңірдегі қызметімді аяқтай отырып, төрт жыл бойы қолдап келген баршаңызға алғыс айтамын. Алматы облысы өзімнің туып-өскен топырағым. Төрт жыл бұрын маған сенім артып, осы өңірді басқаруға мүмкіндік берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым шексіз. Президент бастамаларын  жүзеге асырып, халықтың үдесінен шығу үшін бар білімім мен тәжірибемді жұмсадым. 

Соңғы төрт жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бұрынғыдан көш ілгері болды.  Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 1,66 трлн теңге жетті. Өңірімізге 664,8 млрд теңге инвестиция тартылды. Құрылыс саласы 12,3%-ға өсіп, 910 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. 11 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орны құрылып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

4 жыл ішінде 98 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды, ал туристер саны 2022 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.

2022-2026 жылдары облыста 75 білім ошағы салынып, үш ауысымды мектептер саны 52-ден 23-ке дейін қысқарды. Бұдан бөлек көптеген емхана, спорт кешендері мен өзге де әлеуметтік нысандар бой көтерді.

Бұл көрсеткіштердің артында тынбай еңбек еткен әріптестерімнің, өңірдің дамуына өз үлесін қосқан әрбір азаматтың ерен еңбегі жатыр.

Сол себепті маған қолдау білдірген, сенім артқан, сындарлы сын айтқан және өңірді дамытуға белсенді қатысқан әрқайсысыңызға  ерекше алғысымды білдіремін.

Осы төрт жыл ішінде Алматы облысы мен үшін туып-өскен топырақ, жай ғана өзім басқарған өңір емес, ақпейіл халқымен, қабылданған шешімдерімен, жеңістерімен және қиын сәттерімен жүрегімде мәңгі қалатын мекенге айналды.

Алматы облысы одан әрі дами берсін. Халқымыз аман болсын! Жаңадан тағайындалған облыс әкімі Шыңғыс Сайранұлы Әріновтің жауапты қызметіне сәттілік тілеймін!

Другие новости

Новый этап большого производства

Новый этап большого производства

В Уйгурском районе состоялось знаковое событие для...

  07.10.2026   165
От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От атома к лекарству: как в Алматы производят медицинские радиоизотопы

От энергии разрушения - к спасению жизней. Трудно...

  07.10.2026   113
Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Как обычные законы физики работают в АЭС при совсем необычных температурах и давлениях

Мади Азбергенов объяснил, как вырабатывается элект...

  07.10.2026   112
Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство АЭС в Казахстане будут контролировать на всех этапах

Строительство атомной электростанции в Казахстане...

  07.10.2026   98
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.