Суббота, 04 Апреля 2026

Тарихи сәт! Михаил Шайдоров - Милан Олимпиадасының чемпионы

Тарихи сәт! Михаил Шайдоров - Милан Олимпиадасының чемпионы

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жүлдегерлер анықталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинап, алтын медальді жеңіп алды деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс барысында Михаил Шайдоров бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.

Турнирдің қорытындысы (24 қатысушы):

1-орын. Михаил Шайдоров - 291.58 ұпай

2-орын. Юма Кагияма (Жапония) - 280.06 ұпай

3-орын. Шун Сато (Жапония) - 274.90 ұпай

Осылайша ел тарихында алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарында бір спорт түрінен екі жүлде бұйырды. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

https://t.me/DRSQazaqstan/3039

Другие новости

Экономика горного отдыха

Экономика горного отдыха

Пять миллионов поездок в год, до 45 канатных дорог...

  03.04.2026   141
Четыре финала - четыре победы

Четыре финала - четыре победы

Сразу четыре золотые медали привез с чемпионата Ка...

  03.04.2026   132
Культура номадов жива

Культура номадов жива

В Уйгурском районе официально стартовал чемпионат...

  01.04.2026   268
Первые в пара-армрестлинге

Первые в пара-армрестлинге

И вновь представители Федерации спортсменов-инвали...

  01.04.2026   252
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.