Воскресенье, 07 Июня 2026

RES EXPO – 2026: Алматы облысының өнімдері халықаралық көрмеге қойылды

RES EXPO – 2026: Алматы облысының өнімдері халықаралық көрмеге қойылды

Бүгін Орта Азиядағы ең ірі экологиялық көрмеде Алматы облысында өндірілген тауарлар әлем назарына ұсынылды. Игі шарада өңір сапалы өнімдері мен заманауи туристік жобалары арқылы бәсекеге қабілетті аймақ екенін көрсетіп, туризм бағытындағы тың жобаларымен таңқалдырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бастама Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит аясында өтіп жатыр. Шараның пленарлық отырысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Армения, Моңғолия, Грузия, Әзербайжан сынды мемлекеттердің басшылары және БҰҰ өкілдері қатысты. Онда мемлекетаралық маңызды экологиялық мәселелер талқыланды.

Шара барысында ұлттық павильондар, B2B кездесулер, панельдік сессиялар мен стартап байқаулар ұйымдастырылып, инвестициялық келісімдер жасалды. Шамамен 1500-ге жуық ресми делегат – мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, инвесторлар, бизнес өкілдері және ғылыми сарапшылар өзара тәжірибе алмасты.

Халықаралық көрмеде 30 елден келген 300-ден аса компания жасыл энергетиканы дамыту, су ресурстарын тиімді қолдану, қалдықтарды сұрыптап, терең өңдеу, ақылды қалаларды қалыптастыру бойынша инновациялық жобаларын ұсынды.

Алматы облысының павильонында өңірде өндірілген экологиялық таза әрі табиғи өнімдер таныстырылды. Олардың қатарында «Frutto», «Sydyk» және «Аrba wine» сияқты көшбасшы кәсіпорындар бар. Сонымен қатар Алматы облысының көрнекі туристік нысандары насихатталып, саммит қатысушыларына ерекше әсер қалдырды. Атап айтқанда, «Ой Қарағай» тау курорты мен «Aikan Resort» кешені заманауи инфрақұрылымы және қызмет көрсетудегі жаңашылдығы жайлы қатысушыларға кеңінен ақпарат беріп, табиғаттың сұлу көрінісін тамашалауға шақырды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, «RES EXPO – 2026» көрмесі өңірді халықаралық деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік беруде.

«Алматы облысы табиғат ластануының алдын алып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған инновациялық жобаларды таныстыруда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу және табиғи өнім өндіру бағыттарына ерекше көңіл бөлінді. Туризм саласы да назардан тыс қалған жоқ. Себебі өңірдің бұл бағыттағы әлеуеті өте жоғары», – деді ол.

Айта кетейік, экологиялық саммит Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет өткізілуде. Шара үш күн бойы жалғасады. Оған 20 000-нан астам қатысушы келеді деп күтілуде.

Алматы облысы әкімнің баспасөз қызметі.

Другие новости

Вместо ковра - песок

Вместо ковра - песок

В городе Конаев стартовал чемпионат республики Каз...

  06.06.2026   155
В Аксуатском районе проходит спортивно-творческий фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат»

В Аксуатском районе проходит спортивно-творческий фестиваль «Асыл бесік – Ақсуат»

В масштабном мероприятии, объединившем национальны...

  06.06.2026   137
Возраст победам не помеха

Возраст победам не помеха

Сауле Мамбеткаримова из села Турген Енбекшиказахск...

  05.06.2026   237
Грация начинается с упорного труда

Грация начинается с упорного труда

Художественная гимнастика со стороны кажется легко...

  05.06.2026   217
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.