Понедельник, 07 Июля 2025

Әбілфайыз Ыдырысов - қазақ журналистикасының тарланы

Әбілфайыз Ыдырысов - қазақ журналистикасының тарланы

Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Егіндісай ауылында дүниеге келген. Болашақ журналистің балалық шағы ел басына күн туған қиын кезеңдерге сәйкес келсе де, білімге деген құштарлығы оны биік белестерге жетеледі. Ол - мыңдаған жас таланттардың қолына қалам ұстауына себепші болған, қоғам қайраткерлері мен танымал қаламгерлердің ұстазы. Оның тәлімі,тәрбиесі сонау ұстаз болып жүргенде шәкірттерінің бойында қалыптасқан. Ардагер журналист өзінің өмірінің басым көпшілігін университет қабырғасында өткерді. Қаншама жанды білім нәрімен сусындатып, өнерге баулыды. Оның еңбектері - болашақ  журналистерге бағыт бағдар беретін оқулық,  жол сілтеуші құрал. 

Әбілфайыз Ыдырысов - қазақ журналистикасының дамуына және әдебиеттің өркендеуіне өзінің қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Ол қаламның қуатымен және терең білімінің арқасында журналистика саласында елеулі орын алып қана қоймай, ақпараттық мәдениеттің жандану жолында жалындаған майталман ғалым. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 60 жыл дәріс берген. Әбілфайыз ақсақал шәкірттерінің есінде мынандай сипатпен қалған: ақ шашы артқа қайырылған, көзілдірік кигенде аса сұсты, қатал көрінетін. Иә, бұл шәкірттерінің ең алғашқы алған әсерлері. Уақыт өте олардың ойлары өзгеріп отырған...

Ардагер журналист тек ақпарат саласында ғана емес әдебиеттің де жандануына себепші болған. Еңбектерінде жалпы ақпараттық саланың дамуы, ұлттық мәдениет тақырыптары тереңінен қамтылған. Оның «Әуезовке іңкәрлік», «Біртуарлар болмысы», «Таңшолпан» атты шығармалары қазақ руханияты мен әдебиеттану ғылымына қосылған құнды дүниелер болып саналады. Әсіресе, Мұхтар Әуезов туралы жазған зерттеулері жазушының шығармашылық әлемін одан әрі тануға мүмкіндік береді. 

2019 жылы 12 қыркүйекте ұлт руханиятының асыл азаматы дүниеден өтті. Бірақ оның еңбектері мен артында қалдырған мол мұрасы әлі күнге дейін қазақ журналистикасының дамуына әсер етуде. Оның тәлімін алған шәкірттері бүгінгі таңда еліміздің ақпарат кеңістігінде табысты еңбек етіп жүр.

Әбілфайыз Ыдырысов – ұлтына адал қызмет еткен қайраткер, білім мен журналистика саласындағы ірі тұлға. Ол тек журналист емес, сонымен қатар, болашақ ұрпаққа бағыт-бағдар берген ұстаз. Оның өнегелі өмірі мен шығармашылығы – қазақ журналистикасының сарқылмас қазынасы.

Жұлдыз Кентбаева
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 2 курс студенті

Другие новости

Продолжая дело отца

Продолжая дело отца

Быть журналистом собственному корреспонденту респу...

  04.07.2025   246
Людьми прославленный край

Людьми прославленный край

Кыргызсайский сельский округ - это не просто геогр...

  04.07.2025   223
Такие люди не забываются

Такие люди не забываются

В с. Баканас прошла памятная встреча, посвященная...

  02.07.2025   324
Он талантом прославил свой край

Он талантом прославил свой край

В районном Доме культуры села Узынагаш земляки отм...

  01.07.2025   463
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.