Суббота, 10 Октября 2026

Алматы облысында 5 млн бастан артық малға манипуляция жүргізілді

Алматы облысының аумағында жануарлардың 16 түрлі аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық шаралар жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5 556 093 бас мал егілді.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұртас Қиялбековтың айтуынша, бруцеллез ауруына 212 660 бас ірі қара мен 317 869 бас ұсақ мал зерттеліп, 229 бас ірі қара мен 72 бас ұсақ малдан ауру анықталған.

«Жыл басынан жануарлардың аса қауіпті аурулардың  3 қолайсыз ошағы тіркелді. Оның бірі Еңбекшіқазақта және Жамбыл ауданында 2 ошағы анықталды. Қазіргі уақытта, 1 ошақ сауықтырылып, қалған ошақтарда сауықтыру шаралары жүргізілуде»,-Нұртас Қиялбеков.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, ауруға шалдыққан малдар қайта өңдеу орындарына санитарлық союға өткізіліп, мал иелеріне  нарықтағы бағаның 30 пайызы көлемінде өтемақы төленді. 

Бүгінгі күні  облыста 707 мың бас мүйізді ірі қара, 2,9 млн бас ұсақ мүйізді мал, 231 мың бас жылқы, 7,8 мың бас түйе, 61,7 мың бас шошқа бірдейлендіріліп, компьютерлік дерекқорға енгізілген. Мал басы жылдан жылға көбеюде.

Другие новости

Халық қатысатын бюджет: теміржол көпірінің аумағы абаттандырылуда

Халық қатысатын бюджет: теміржол көпірінің аумағы абаттандырылуда

Қонаев қаласында тұрғындарға қолайлы қоғамдық кеңі...

  09.10.2026   150
Цифровая грамотность — требование нового времени

Цифровая грамотность — требование нового времени

Еще недавно искусственный интеллект воспринимался...

  09.10.2026   126
ИИ используют там, где он действительно нужен

ИИ используют там, где он действительно нужен

Цифровизация государственных услуг продолжается, и...

  09.10.2026   117
Новые сервисы сокращают время обработки информации

Новые сервисы сокращают время обработки информации

Работа с обращениями граждан занимает значительную...

  09.10.2026   122
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.