Воскресенье, 30 Августа 2026

Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?

Үлкен ауылының бүгіні мен ертеңі: АЭС салынса, не өзгереді?
Қазақстанның екі елдімекені АЭС салу  орыны ретінде қарастырылып жатыр. 
Оның бірі - Алматы облысындағы Үлкен ауылы. Дегенмен, стансаның ресми орны әлі бекітілген жоқ. Біздің тілшілер ауылдың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысу үшін елдімекенге барып қайтты.
О баста ауылда жылу электр стансасы салыну керек болған. Сол сәтте мамандар үшін көпқабатты үйлер тұрғызыла бастаған. Алайда, Кеңес үкіметі шағында бірқатар өзгерістер орын алып, құрылыс тоқтаған. Ал пәтерлерге қоныстанып үлгерген жұрт бұл жерде қалып қалған. Қазіргі таңда 31 үйдің көбі қараусыз қалған, бос тұр. 
Үлкенде 1648 адам тұрақты мекен етеді. Адамдар көбіне балық аулаумен айналысады, балық зауытында, ауыл маңындағы электр стансасында жұмыс жасайды.
Тұрғындардың ауыл әлі де жанданатынына үміті үзілмеген. Айтуларынша, АЭС салынса, халық саны көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Қаңырап, бос қалған үйлер қалпына келіп, ауылға жаңаша әр кіреді.
"Бұл АЭС-ті бұдан ерте салу керек еді. Біз, керісінше, уақыт ағынына үлгермей жатырмыз. Қазақстанға электроэнергия жетпей жатыр. Сонымен қатар АЭС салынса, жаңа технологиялар енеді. Ешқандай радиациядан, атомнан қорықпау керек", - деді Үлкеннің байырғы тұрғыны Рахима Құсманқызы.
Бұл пікірмен ауыл тұрғыны Сергей Владимирович те келісіп отыр. Оның айтуынша, АЭС салу – елдімекеннің ғана емес, Қазақстанның дамуына да септігін тигізеді. 
«АЭС салынса, шетелдіктердің Қазақстанға деген көзқарасы өзгереді. АЭС экологиялық жағынан да тиімді электр энергиясын шығару жүйесі. Кейбір адамдар уран өте қауіпті деп шағымданып отыр. Бірақ, меніңше, мұның барлығы адамдардың АЭС жұмысын білмеуінен туындаған. Сондықтан АЭС қалай жұмыс істейтінін халыққа түсіндіру қажет», - деді ол.
Тілшілер елдімекендегі мектеп, амбулатория, пошта қызметімен де танысты. Шағын медициналық нысанда адамдарға алғашқы көмек беріледі. Мұнда 2 дәрігер, орта санаттағы 6 санитар жұмыс жасайды, жедел жәрдем көлігі де бар. Ем-дом қабылдау үшін тұрғындар Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағашқа жіберіледі. Амбулаторияға лаборатория және тағы бір жедел жәрдем көлігі қажет.
Ал білім ошағында 273 бала оқып жатыр. Биыл 19 түлек 11-сыныпты аяқтаған. Оның 5-еуі «Үздік аттестат», біреуі «Алтын белгі» иегері. Мектеп штатында 45 мұғалім, 35 қызметкер жұмыс істейді. 
Сондай-ақ ауылда шағын дүкен ашқан кәсіпкерлер де бар. Байқауымызша, саудалары жүріп тұр.
Сондай-ақ ауылда 3 балық зауыты бар екенін айта кеткен жөн. Оның біреуі ғана тауарын экспорттауға сертификат иеленген. Қалғаны Қазақстанды балықпен қамтамасыз етеді.
 
Ақерке Жұмағазықызы

Другие новости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

35 лет назад, 29 августа 1991 года, был подписан У...

  28.08.2026   114
35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   234
Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Жариланымда әңгіме депозиттиң негізгі сомасы емес,...

  28.08.2026   238
В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В публикациях утверждается, что речь идет не о сам...

  28.08.2026   212
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.