Воскресенье, 30 Августа 2026

Мерейлі ұстаз

Мерейлі ұстаз

Мұғалім – мектептің жүрегі. Шәкіртінің қабілет дарынын ашу, келешекке жетелеу – әрбір ұстаздың мейірлі де мерейлі ісі.
Ұстаз алдын көрмеген жан жоқ. Өскелең ұрпаққа білім беруді өзіне кәсіп қана емес, өмірлік мәні қылған ардақты да қадірлі мұғалімдер өңірімізде баршылық.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз ұлағатты ұстаз Чакира Жамбылқызы. Ол жалынды жас шағынан күні кешеге дейін қырық жыл білім саласында еселі еңбек еткен, талай талантты шәкірттерді тәрбиемен ұштаған дарынды педагог және ұжымды іскерлігімен басқарған басшы, бұл күнде алпыстың біріне келіп өмірде көрген-түйгенін, оқыған-тоқығанын айналасымен бөлісіп отырған, жан-жағына шуақ шашқан ақ жаулықты ана, немере-шөберелерінің асыл әжесі.

Мерейлі ұстаз өзінің ісін жалғастыратыншәкірт тәрбиелеп, екеуінің арасындағы үзілмес сабақтастық орнағанда ғана ұстаздың мақсаты орындалып, ұрпақтан-ұрпаққа таралары сөзсіз. Себебі,кез келген салада жетістікке жеткен жан ең әуелі өзінің алғашқы ұстазын еске алатыны белгілі.

Чинтемирова Чакира Жамбылқызы еңбек жолын 1984 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Калинин орта мектебінде  химия  және биология пәні мұғалімі болып бастады. Әр жылдары Алматы және Жамбыл облыстарында өз пәнінің майталман ұстазы бола жүріп, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дардамты орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын қоса атқарды. Ал 2009-2021 жылдар аралығында Ұйғыр ауданы, №4 Шонжы орта мектебінде (қазіргі Абай атындағы мектеп-гимназиясында) педагог-ұйымдастырушысы,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет істеді.

Өмірі өнегемен өрілген ұлағатты ұстаздың қажырлы еңбегі бағаланып, Алматы облыстық білім департаментінің Құрмет грамотасы; Алматы облысы Әкімінің сыйақысы; Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының Құрмет грамотасы; Ұйғыр ауданы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты; Ұстаздарға арналған ғылым-білім интернет ресурсының I дәрежелі дипломы; Алматы облысы әкімінің  Құрмет грамотасы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Сонымен қатар, жуырда қырық жылдан астам талмай атқарған қызметі үшін Чакира Жамбылқызы Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанды. 

Жалықпай-талмай ізденіс үстінде болған Чакира Джамбылқызы оқу-әдістемелік жұмыстардың да авторы. Атап айтсақ, «Химия, биология пәндеріне жергілікті материалдарды пайдалану жолдары»; «Тестік бақылау» («Химия мектепте»); «Интеллектуалдық сайыс» («Химия мектепте»); «Тірек-конспектімен жұмыс» («Химия мектепте») атты кітапшалары жарық көрген.

Ұстаз – әрқашан кісілік келбеті жоғары, сан мыңдаған шәкірттерге үлгі болатын, білім-тәрбиенің өнегесі мен ізгілік нәрі төгіліп тұратын жан екені сөзсіз. Қай қоғамда да ұстаздың ісі – құрметті, орыны – төр. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген зейнеткер ұстазымызға зейнет жасыңыз құтты болып, ұрпағыңызбен мың жасаңыз деген тілек айтамыз!

Айжамал Сембай,
Абай атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы

Другие новости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

35 лет назад, 29 августа 1991 года, был подписан У...

  28.08.2026   119
35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   237
Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Жариланымда әңгіме депозиттиң негізгі сомасы емес,...

  28.08.2026   242
В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В публикациях утверждается, что речь идет не о сам...

  28.08.2026   212
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.