Четверг, 15 Октября 2026

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының тұрғындары кредиттен құтыла бастады

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының тұрғындары кредиттен құтыла бастады

 Бұл туралы «АМАNАТ» партиясы Алматы облысытық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев жоба қатысушыларымен кездесу барысында мәлім етті.
 Қазіргі уақытта оңды-солды берілетін түрлі шағын несиелер қарапайым халықты тығырыққа тіреп жатқаны жасырын емес. Айналып келгенде, барлығы қаржылық сауатсыздыққа келіп тіреледі. Сондықтан «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын Halyk Bank-пен бірге қолға алды.
 Аталған жоба аясында Алматы облысында 6 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырды. Қатысушылар арасында жеке кәсібін ашқысы келетін адамдар көп. Олар бизнес жоспар құруды, мемлекеттік гранттар мен банктің тиімді құралдарын дұрыс пайдалануды үйренуде.
 «Өңірде жыл соңына дейін 9 мыңға жуық азаматтың қаржылық сауатын арттыру жоспарланған. Бүгінгі күнге, аталмыш жоба аясында 6 434 тұрғын қаржылық сауатын арттырып үлгерді. Олар кредиттерден құтыла бастады. Депозит жинауды үйренді», – дейді Қуат Байғоджаев.
 Оның айтуынша қаржылық мәселелердің қалай туындайтынын, несиелік қарыздар санын азайтудың жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренді.
 «7 баланың анасымын. Өткен жылы банктен 735 мың теңге несие алғанмын. 1 жылдай өтей алмай қиналып жүрдім. Ай сайын 47 мың төлейтінмін Жобадағы заңгерлерден көмек алып, ай сайынғы төлемді 40 мың теңгеге дейін түсіріп берді»,– деді Махаббат Алиева.
 Онымен қоса көпбалалы ана жоба аясында алған білімімен отбасылық кәсіп ашуды көздеп отыр. Өйткені, «Қарызсыз қоғам» жобасы бизнес-жоспар дайындау, «Бизнес бастаудан» сертификат алу, кәсіп ашу, банкроттыққа өтініш беруді үйретеді.

Другие новости

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

Іле ауданының Байсерке ауылындағы саяжай аумағында...

  14.10.2026   121
Широкий выбор

Широкий выбор

В селе Баканас на рынке «Шапағат» прошла сельскохо...

  14.10.2026   125
«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында «Әділет» пар...

  14.10.2026   119
Свое дело с ароматной корочкой

Свое дело с ароматной корочкой

Еще недавно жительницам села Бесагаш Талгарского р...

  14.10.2026   120
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.