Вторник, 16 Декабря 2025

Алматы облысының оқушысы «Жақсы адам» сыйлығының жеңімпазы атанды

Алматы облысының оқушысы «Жақсы адам» сыйлығының жеңімпазы атанды

Алматы облысынан келген 8-сынып оқушысы Ақжол Герой марапатталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Астанада «Jibek Joly» телеарнасының ұйымдастыруымен «Жақсы адам-2023» сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Сыйлықтың бас серіктесі – «Altyn Qyran Foundation» қоры.
Жобаның басты миссиясы – ерлік істері мен өмір тарихы арқылы ел дамуына зор үлес қосқан әрі жігерлендірген азаматтарды ынталандыру.
Салтанатты шара барысында «Altyn Qyran Foundation» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, меценат Исламбек Салжанов Алматы облысынан келген 8-сынып оқушысы Ақжол Геройды марапаттады. Ол былтыр қараша айында бақылаудан шығып кеткен автобустың ғимаратқа соқтығысуына жол бермей, ондаған адамның өмірін сақтап қалған.
Осы батылдығы үшін ол «Жақсы адам-2023» сыйлығының басқа лауреаттары сияқты естелік мүсіншемен, арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Биыл күзде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал азамат» тұжырымдамасында айтқанындай, әр азамат шынайы патриот, әділетті әрі жауапкершілікті болғанда Қазақстан көптеген биіктерге қол жеткізеді. Ақжол да өзге марапат иегерлері сияқты сын сағатта өзінің және айналасындағылардың өміріне жауапкершілік ала білді. Бұл – адамға тән кісіліктің әліппесі», – деп атап өтті Исламбек Салжанов.

Меценат Ақжолдың батылдығын жоғары бағалап, анасы Гүлнұр Дәулетоваға ел игілігіне Ақжолдай азаматты тәрбиелегені үшін айрықша алғыс білдірді.
Сонымен қатар Ақмола облысы ТЖД өрт сөндірушісі Арман Айқынбеков, параволейболшы Айсұлу Сүлейменова, Ұлттық нейрохирургия орталығының бөлім меңгерушісі Ербол Махамбетов, астаналық құрылысшы Мереке Едресов, ұстаз-дефектолог Сәуле Сағымбаева, Астана қалалық полиция департаментінің қызметкері Нұрсұлтан Темірболат ерліктері мен табанды еңбектері үшін марапатталды.

Alataunews.kz

Другие новости

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді

2025 жылдың қорытындыларын талдау мақсатында Қазақ...

  15.12.2025   96
Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился

Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился

Для подведения итогов 2025 года было проведен обще...

  15.12.2025   99
Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қауіпсіз Жаңа жыл: мереке қуанышқа толы болуы тиіс

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескерте...

  14.12.2025   155
Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Пиротехника: мерекелік көңіл-күй – қауіпсіздіктен басталады

Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы ескерте...

  14.12.2025   153
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.