Вторник, 17 Февраля 2026

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин облысқа жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданында орналасқан «Алтын қадам» өндіріс ошағының нәзікжанды тігіншілерімен жүздесті. Олар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі әйелдер рөлін талқылады.

Қазіргі таңда мұнда 100-ден аса адам жұмыспен қамтылған. Тігін цехы негізінен мемлекеттік және шетелдік тапсырысты орындайды. Бүгінде Ресейлік темір жолдың қызметкерлеріне арнайы киімдерін тігіп жатыр. Қызметкерлердің еңбекақысы 150-200 мың теңгені құрайды. Ондағы жұмысшылардың 95 пайызы нәзік жандылар.

Кездесуде халық қалаулысы Максим Рожин гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қыз-келіншектердің құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін айтты.

«Президент ана мен баланы қорғау, отбасы тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар мәселесіне ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Айналып келгенде мемлекеттің де басты тірегі бақытты, тату-тәтті отбасы. Сондықтан отбасындағы ізгілік, адамгершілік, сыйластық қарым-қатынасты берік сақтау маңызды. Мұның құндылығын сіздерден артық ешкім білмейді. Қазақтың қыздары отбасын да отанын да екі қолымен бірдей тербеп отыр», – дейді Максим Рожин. 

Кездесу барысында фабрика өкілдері өздерінің жұмыстары жайында айтып, шикізатқа байланысты өз мәселелерін, толғандырған сұрақтарын қойды. Депутатпен көкейкесті проблемаларын талқылады.

«Қазіргі заманғы нарықтық сауда жүйесінің міндеті - сөрелерде отандық өнімдердің тұрақты түрде қолдау тауып, сатылымда болуы маңызды. Отандық кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау тауыпта келеді.  Біз шығаратын өнімдердің шикізаты Қазақстанда жоқ. Сондықтан басқа елден алдыртуға тура келеді. Ал сол тауарлардың 30 пайыз салығын біз  кеден бекеттеріне төлеуге мәжбүрміз», – дейді фабрика өкілі Әмина Қанашаева.

Тараптар өңірдегі өзекті мәселелерді және оларды заң жүзінде шешу жолдарын талқылады. Мәселенің анық-қанығына жеткен мәжілісмен бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.

Жұмысшылар өңірде мұндай тігін фабрикалар  соңғы уақытта дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, мемлекеттік сатып алулар заңы аясында шетелдік емес, отандық өнімнің неғұрлым көбірек сатылу тетіктері қарастырылса деген тілек білдірді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру өте маңызды. Бұл халық пен билік арасын жақындатады. Жалпы ұлт, халық болып мемлекет алдына қойған мақсаттарға жетуге арқау болады. 

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Другие новости

Кузнечное искусство  Рехимжана

Кузнечное искусство Рехимжана

В селе Актам живет человек, для которого работа с...

  16.02.2026   77
Рамазан начинается  с доброты

Рамазан начинается с доброты

В преддверии священного месяца Рамазан Независимый...

  16.02.2026   82
Штраф вместо сверхприбыли

Штраф вместо сверхприбыли

Торговая наценка на социально значимые продукты в...

  16.02.2026   138
Контроль  оросительных систем

Контроль оросительных систем

Весна уже на пороге, а вместе с ней подходит и гор...

  13.02.2026   282
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.