Понедельник, 31 Августа 2026

Жетісу облысы Әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің жұмысы жандандырылды

Жетісу облысы Әділет департаментінің жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің жұмысы жандандырылды

Нормашығармашылық процесті реттеу әрі жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті жанындағы мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің үйлестіру кеңесі  (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылды.

Үйлестіру кеңесі Жетісу облысы Әділет департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Кеңес мүшелігі облыс аумағындағы жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметінің лауазымды тұлғаларынан құралды және жұмыста басшылыққа алу үшін арнайы Үйлестіру кеңесінің Ережесі бекітілді.  

Үйлестіру кеңесі қызметінің мақсаты - мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, нормашығармашылық процесс және жетілдіру мәселелері жөніндегі әдістемелік басшылық жасау.

Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Үйлестіру нормашығармашылық процесті реттеу әрі жетілдіру және құқықтық білімді насихаттау, заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін күшейту жөніндегі мақсаттар мен міндеттердің бірлігі; күрделі құқықтық проблемаларды шешуге бірыңғай тәсілді белгілеудің; туындаған мәселелерді шешу кезінде қайталануды болдырмау негізінде жүзеге асырылады.

Үйлестірудің негізгі нысандары: заңға тәуелді актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және ресми жариялау; құқық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру саласындағы жұмыстың жай-күйін талдау және бірлесіп талқылау; нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің заңдылығы саласындағы жұмысты ұйымдастыруда жергілікті мемлекеттік органдарға практикалық көмек көрсету үшін бірлескен іссапар; бірлескен бұйрықтар, нұсқаулар әзірлеу және шығару бойынша ұсынымдар беру; заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, өзара көмек көрсете отырып, бірлескен іс-шаралар өткізу; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін тағылымдамадан өткізу.

Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

- заңнаманы қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

- заңға тәуелді актілерді әзірлеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік органдардың жұмысын талдау;

- бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қалыптастыру, құқық нормаларын іске асырудың тиімділігі жөніндегі ұсыныстарды қарау және әзірлеу;

- Үйлестіру кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және түсіндіру материалдарын әзірлеу, құқық қолдану тәжірибесін жалпылау және реттеу бойынша ұсынымдар әзірлеу барысын қарау болып табылады.

Үйлестіру кеңесі өз құзыреті шегінде:

- Үйлестіру кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдармен өзара іс-қимыл жасауға;

- заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажет материалдарды сұратуға және алуға;

- құқықтарды түсіндіру жұмыстары бойынша сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін белгіленген тәртіпте жергілікті мемлекеттік басқару органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға;

- Үйлестіру кеңесінің алдына қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет өзге де шараларды қабылдауға құқылы.

 

Жетісу облысының Әділет департаменті

нормативтік құқықтық актілерді

тіркеу бөлімінің бас маманы М. Дюсембинов  

Другие новости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

35 лет назад, 29 августа 1991 года, был подписан У...

  28.08.2026   141
35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   249
Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Жариланымда әңгіме депозиттиң негізгі сомасы емес,...

  28.08.2026   255
В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В публикациях утверждается, что речь идет не о сам...

  28.08.2026   215
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.