Четверг, 15 Октября 2026

Тазалық акциясы жалғасуда

Тазалық акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарғалы ауылының тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысты.

Бүгінгі экологиялық іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер және волонтерлер жиналды.

Акцияның басты мақсаты — ортақ үйімізді таза және көрікті мекен ету, экологиялық мәселелерді басты назарға алып, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындарының қатысуымен Қарғалы өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Аталған іс-шараға отыздан астам тұрғындар  қатысып, өзен жағалауының тазаруына өз үлестерін қосты.

Бүгінгі күнге акция аясында 61 елді мекеннен 80 мыңнан  астам адам қатысып,  131 мекеме, 2537 орта және кіші кәсіпорындар атсалысты. Осы уақыт аралығында тазалау жұмыстарымен 3 мұражай, 51 ескерткіш, 29 мешіт, 22 зират және кесене, 253 көше, 80 шақырым арық, 110 шақырым жол мен үй жанындағы аулалар қамтылды. Бұл жұмысқа 75 бірлік техника қолданылып,  105 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Другие новости

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА УЛЫ ГАЗДЫ АНЫҚТАЙТЫН ДАТЧИКТЕР ОРНАТЫЛДЫ

Іле ауданының Байсерке ауылындағы саяжай аумағында...

  14.10.2026   136
Широкий выбор

Широкий выбор

В селе Баканас на рынке «Шапағат» прошла сельскохо...

  14.10.2026   139
«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Әділет» партиясының жастары Қонаевтағы тарихи ескерткіштерді тазалады

«Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында «Әділет» пар...

  14.10.2026   134
Свое дело с ароматной корочкой

Свое дело с ароматной корочкой

Еще недавно жительницам села Бесагаш Талгарского р...

  14.10.2026   134
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.