Понедельник, 31 Августа 2026

Таза бейсенбі»: Алматы облысында Қастек өзенінің жағалауы тазартылды

Таза бейсенбі»: Алматы облысында Қастек өзенінің жағалауы тазартылды

AMANAT партиясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Қастек өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық іс-шараға барлық деңгейлі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

 

Акцияға 100-ге жуық адам белсенділік танытып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты. Жиналған 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жіберілді.

 

«Жазғы уақытта азаматтардың көп демалатын жері өзен-көлдің жағасы болса, осы Қастек жағасын таза ұстау негізгі мақсатымыз. Тазалау барысында бұрыннан қалып қалған тұрмыстық қалдықтар, полиэтилен пакет, пластик бөтелкелер сияқты күл-қоқыстар шығарылып, полигонға жөнелтілді. «Таза бейсенбі» экоакциясы елді мекендерде де жақсы жолға қойылған. Алдағы уақытта да бұл экологиялық акция жалғасын табатын болады. Әрбір азамат өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін өзінің ортасын таза ұстауды көрсете білу керек деп ойлаймын», – деді «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Ықылас Амалбек.

 

Ал Алматы облыстық мәслихат депутаты Меруерт Молдашеваның айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған маңызды басымдықтың бірі.

 

«Аманаттықтар табиғатты аялау ісін әрі қарай жалғастыруға ниетті. Партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін барлық аудан орталықтарындағы және Қонаев қаласында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою міндеті тұр. Онымен қоса, өңірде полигон және кешенді қоқыс тиеу мен сұрыптау төрт алаңы салынбақ. Сондай-ақ барлық ауылдарда қоқысты бөлек сұрыптауға және құрамында сынап бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 мың контейнер орнатылады», – дейді Меруерт Молдашева.

 

Айта кету керек, жалпы өңірде «Таза Қазақстан» жобасы басталғалы бері іс-шараға 700 мыңға жуық азамат тазалық жұмыстарына атсалысты. 20 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

 

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Другие новости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

Закрытие ядерного полигона, или еще один шаг к независимости

35 лет назад, 29 августа 1991 года, был подписан У...

  28.08.2026   144
35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

35 лет без ядерных испытаний: как изменился Семипалатинский полигон

Полигон закрыт уже 35 лет. Казахстан прошел путь о...

  28.08.2026   252
Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық ингизу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр

Жариланымда әңгіме депозиттиң негізгі сомасы емес,...

  28.08.2026   258
В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В социальных сетях содержится информация о предложении предложить ввести 5%-ный налог на вознаграждение по банковским депозитам казахстанцев

В публикациях утверждается, что речь идет не о сам...

  28.08.2026   215
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.