Четверг, 15 Октября 2026

Алматы облысының тұрғындары балкондарына Ту ілді

Алматы облысының тұрғындары балкондарына Ту ілді

Қонаев қаласында 20-ға жуық белсенді «Менің елім – менің Туым» акциясын өткізді.

Шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды. Акция барысында көпқабатты үйлердің балкондарына 15 мемлекеттік Ту ілінді.

«Бұл акция патриоттық рухты арттыруға және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті насихаттауға бағытталған. Республика күні қарсаңында мемлекеттік Туды ілу дәстүрі азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетеді», – деді «Жастар рухы» жастар қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.

Айта кетейік, акцияға 20-ға жуық белсенді жас қатысып, тұрғындарға патриоттық бастаманы қолдауға шақырды. Бұл акцияны кез келген тұрғын мен қала қонағы жалғастыра алады. Олар Туды балкондарына, үйлеріне ілуге ерікті түрде қатыса алады.

Другие новости

Команда OGMA Racing успешно выступила на соревновании Aramco STEM Racing™ World Finals 2026

Команда OGMA Racing успешно выступила на соревновании Aramco STEM Racing™ World Finals 2026

Команда OGMA Racing, объединившая учащихся Назарба...

  15.10.2026   104
OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 жарысында нәтиже көрсетті

OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 жарысында нәтиже көрсетті

 Алматы қаласының Медеу және Наурызбай ауданд...

  15.10.2026   110
Сила материнства и мастерство рук: история успеха Мадины Кокымбаевой

Сила материнства и мастерство рук: история успеха Мадины Кокымбаевой

Жительница микрорайона Даулет города Алатау Мадина...

  15.10.2026   136
«Jol Tap» жобасы аясында Бірлік ауылында танымдық экскурсия ұйымдастырылды

«Jol Tap» жобасы аясында Бірлік ауылында танымдық экскурсия ұйымдастырылды

2026 жылғы 14 қазанда Алматы облысы, Балқаш ауданы...

  15.10.2026   137
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.