Четверг, 12 Февраля 2026

Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

Қонаевта 973 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды

Биыл Қонаев қалалық Мансап орталығына 2822 адам жүгінді.

26 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды. Оның ішінде бесеуі – жастар, 6 – ауыл тұрғындары. Олар тігінші, кондитер, аспазшы мамандықтарын меңгерді. 

 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына 97 адам қатысып, 67 адам оқуды аяқтап, сертификаттарын алды.

2024 жылғы жаңа бизнес-идеяларын іске асыру мақсатында 15 адамға 400 АЕК (1 476 800 теңге) көлемінде 22 152,0 мың теңге мемлекеттік грант берілді. Оның ішінде 8 грант аз қамтылған және көпбалалы отбасына, 1 мүгедектігі бар азамат, 1 ауыл тұрғынына, 6 мүгедектігі бар балаларды асыраушы ата-аналар және асыраушысынан айырылған тұлғалар қамтылды. 

Жұмыспен қамту шаралары:

  1. Субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына  37 адам орналастырылды

  2. Жастар практикасына47 маман жіберілді

  3. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы бойынша 20 адам қамтылды

  4. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 2 адам қамтылды

  5. Қоғамдық жұмыстарға356 адам жіберілді

  6. Зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар қатарынан «Күміс жас» жобасы бойынша 70 адам қамтылды

  7. Тұрақты жұмыс орындарына жалпы 973 адам орналастырылды, оның ішінде 252-сі  жастар.

Сондай-ақ қалада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатындағы шаралар ары қарай да жалғасын табады. 

Другие новости

Сила – в каждом из нас

Сила – в каждом из нас

В городском Доме культуры города Қонаев прошел фор...

  11.02.2026   105
Лучшие педагоги  из Шелека и Есика

Лучшие педагоги из Шелека и Есика

Областной этап конкурса профессионального мастерст...

  11.02.2026   112
Акцент -  на экономии воды

Акцент - на экономии воды

В этом году в Алматинской области сократят посевы...

  11.02.2026   102
Теплый бизнес  из Каргалы

Теплый бизнес из Каргалы

Газификация сельских населенных пунктов не только...

  11.02.2026   160
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.