Понедельник, 10 Февраля 2025

Дінді қастерлейтін де, қадір-қасиетін қашыратын да – адам

Дінді қастерлейтін де, қадір-қасиетін қашыратын да – адам

Бұқаралық ақпарат құралдарынан елімізде терроризмді насихаттады деген жаңалықтарды көп байқауға болады.

Дінді құрал ретінде пайдаланып бейбіт елде үрей мен дүрбелең тудыруға, кісі өлтіруге, мемлекетті басып алу мақсатында лаңкестік әрекетке шақыратын уағызшылар саны көбейген.

Қазақстанда экстремизм мен терроризмге қарсы күреске айрықша көңіл бөледі. 

Әлеуметтік желілерде осындай терроризм идеясына, лаңкесттік әрекетке шақыратын материалдарды немесе тура сондай діни әдебиеттерді таратса не сақтаса ҚР қылмыстық кодексінің 256 бабына сәйкес жауапқа тартылады. 

ҚР Қылмыстық Кодексi

256-бап. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру

1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату – мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 9 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не бұқаралық ақпарат құралдары немесе телекоммуникациялар желілері пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Көбіне азаматтарымыз әлеуметтік желілерде осындай материалдарды таратқаны үшін сотталған болатын. Лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында жариялаудың, экстремистік мазмұндағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері жайлы халық біле бермейді. Діни ақпаратты интернеттен аларда өте мұқият болған дұрыс. Елімізде ресми тіркелген діни біллестіктердің арнайы сайттарынан, парақшаларынан ақпаратты алуға кеңес беремін. Қолыңызға қандай да бір діни кітап түсіп қалған жағдайда, ол кітаптың дұрыс/бұрыстығына күмәндансаңыз, міндетті түрде Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілгеніне көз жеткізіңіз. (Көбіне бірінші бетінде жазылады)

Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы! Оны елге кіргізетін болсақ жазықсыз жандар – балалар, аналар зардап шегеді. 

Терроризмге қарсы іс-қимал және алдын-алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Терроризммен болсын, тағы басқа мәселелермен күрес бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе.

Турсынғали Әліп, дінтанушы.

Другие новости

С нуля до первой прибыли

С нуля до первой прибыли

Дулат Иликулы из Кегенского района никогда не боял...

  09.02.2025   129
Инфраструктура под контролем

Инфраструктура под контролем

В городе Алатау продолжаются активное развитие инф...

  08.02.2025   236
Надежное плечо

Надежное плечо

Ответственность и точность - два главных принципа...

  07.02.2025   274
По стопам отца-лесника

По стопам отца-лесника

С самого детства Болатхан Шалдырмасов видел отца н...

  07.02.2025   250
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.