Пятница, 28 Ноября 2025

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БПҰ МҮШЕЛЕРІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: БПҰ МҮШЕЛЕРІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалдарына қарасты бастауыш партия ұйымдарының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты халыққа арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиындар жалғасуда.

Жиындардың негізгі мақсаты – Жолдаудың мазмұнын терең түсіндіріп, онда көтерілген стратегиялық бастамаларды халық арасында кеңінен насихаттау.

Іле аудандық партия филиалына қарасты «Байкент» бастауыш партия ұйымында жиын өтті. Оған «Байкент» БПҰ төрағасы Сакен Жансаров, партия активтері және партия белсенділері қатысты. Басқосуда жасанды интеллекттің қоғам өміріндегі рөлі мен оның әкелетін мүмкіндіктері кеңінен сөз болды.

– Президентіміз Жолдауында жаңа дәуірдің басты талабы – цифрландыру екеніне баса назар аударды. Бұл үрдіс барлық салаға еніп жатыр. Біз осы өзгерістерге бейімделіп, ел дамуына үлес қосуымыз қажет. Әсіресе жастарға цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызы зор, – деді Сакен Жансаров.

Жиын барысында «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланып, партиялық жұмыстар талқыланды.

Қатысушылар Жолдаудың негізгі басымдықтарына тоқталып, елдің болашағына сенім білдірді. «Байкент» бастауыш партия ұйымының мүшелері Мемлекет басшысының бастамаларын бірауыздан қолдайтынын айтып, оны жүзеге асыру жолында табанды еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Другие новости

Жұмысшыларға жағдай жасалады

Жұмысшыларға жағдай жасалады

 Іле ауданында орын тепкен «Бент» – темірбето...

  27.11.2025   141
Депутаты Мажилиса призвали приостановить выборы районных акимов

Депутаты Мажилиса призвали приостановить выборы районных акимов

Депутаты Мажилиса Парламента Ерлан Саиров и Мархаб...

  26.11.2025   159
Сигареты – в огонь

Сигареты – в огонь

Несколько партий контрафактных табачных изделий ун...

  25.11.2025   232
Silk Way Star: Казахстан формирует новый медиабренд Евразии

Silk Way Star: Казахстан формирует новый медиабренд Евразии

Международный вокальный конкурс Silk Way Star, соз...

  25.11.2025   226
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.