Понедельник, 15 Июня 2026

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 751 млрд теңгеге жетеді

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 751 млрд теңгеге жетеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтижелері мен жоспарларын жариялады. Әкімнің айтуынша, агросектор облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682,3 млрд теңге болып, өңірлік өнімнің 7%-ын берген. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Ал 2025 жылдың 10 айында жалпы көлем 649,1 млрд теңгеге жетіп, НҚИ 101,1% болды.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да артып отыр, бұл көрсеткіш 345,2 млн АҚШ долларына жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15% көбейді (2024 жылы – 299 млн доллар).

Әкім сүт-тауар фермаларының желісі мемлекеттік қолдау арқылы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті. Қазір өндірісті және сүтті қайта өңдеуді арттыруға бағытталған 13 жоба жүзеге асырылып жатыр, оған республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеге екі жоба іске асты, ал биыл 7 100 бас ірі қараға арналған 11 жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталмақ.

Бүгінде облыс ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша республикада 8-орында (38,2 млрд теңге). Соған қарамастан, жалпы өнім көлемі бойынша өңір тұрақты түрде алғашқы бестікте.

Другие новости

В Астане начал работу II Съезд партии «Әділет»

В Астане начал работу II Съезд партии «Әділет»

В Астане начал работу II Съезд партии «Әділет». В...

  14.06.2026   124
Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі өз жұмысын...

  14.06.2026   119
Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Алматы облысында нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

2026 жылғы 12 маусымда Қонаев қаласында Қазақстан...

  14.06.2026   174
Профилактика, контроль и защита молодежи: в Алматинской области обсудили борьбу с наркоманией

Профилактика, контроль и защита молодежи: в Алматинской области обсудили борьбу с наркоманией

12 июня 2026 года в городе Конаев состоялось внеоч...

  14.06.2026   163
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.