Четверг, 12 Февраля 2026

Салық есептілігін ұсыну бойынша

Салық есептілігін ұсыну бойынша

2026 жылдан бастап салық есептілігі мәселелері бойынша жаңалықтардың бірі бюрократиялық процестерді оңтайландыру болып табылады. Яғни, егер салық төлеуші салық есептілігін ұсынбаса, онда жүйе оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін салық төлеуге есептелетін нөлге тең сомамен есептілікті автоматты түрде қалыптастырады.
Осы норманы енгізу салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламаларды, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді ұсынбауға, әкімшілік жауаптылыққа тартуға, яғни бизнес үшін жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, осы есептілікті автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің жеке кабинетіндегі деректерінде ұсынылуға жататын салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. 
Егер құжаттамадағы нысандар анықталмаса-жүйе салық төлеуші үшін есептілікті қалыптастыра алмайды.
Осыған байланысты салық төлеушілерді салық есептілігін дұрыс автоматты түрде қалыптастыру үшін дерекнамадағы мәліметтерді мерзімінен бұрын Есалық бизнес мобилді қосымшасында, салық төлеушінің жеке кабинетінде және екінші деңгейлі банк қосымшаларында хабарландыру арқылы өзектендіру қажет.

Другие новости

Сила – в каждом из нас

Сила – в каждом из нас

В городском Доме культуры города Қонаев прошел фор...

  11.02.2026   78
Лучшие педагоги  из Шелека и Есика

Лучшие педагоги из Шелека и Есика

Областной этап конкурса профессионального мастерст...

  11.02.2026   83
Акцент -  на экономии воды

Акцент - на экономии воды

В этом году в Алматинской области сократят посевы...

  11.02.2026   79
Теплый бизнес  из Каргалы

Теплый бизнес из Каргалы

Газификация сельских населенных пунктов не только...

  11.02.2026   124
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.