Суббота, 21 Марта 2026

Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Қазақстан моделі аймақ елдеріне үлгі болды

Кейінгі кезде Өзбекстан өзін жаңа экономикалық модель ұсынушы ел ретінде көрсетуде. Халықаралық форумдарда серпінді даму, ашықтық, цифрландыру туралы жиі айтады. Бірақ мәселенің түбіне үңілсеңіз, бір заңдылықты байқауға болады. Өзбекстан Қазақстан әлдеқашан жүріп өткен жолды қайталап келеді. Онысы өте дұрыс. Себебі Қазақстан қазір ұлттық мүдделеріне толық сай келетін, теңгерімді сыртқы саясат ұстанатын жағдайға жетті. Сондай-ақ әділетті әлемдік тәртіп қалыптастыруға үлес қосып келеді. 
Экономикалық көрсеткіштерде Өзбекстандағы ішкі жалпы өнім көлемінің өсу қарқыны пайыздық тұрғыда жоғары секілді көрінеді. Ресми статистиканы тереңірек зерттесеңіз, мәселе мүлдем бөлек. Былтыр Өзбекстан ІЖӨ-сі 7,7 пайызға ұлғайып, 147 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6,5 пайызға теңесті. Бірақ ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллардан асты. Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы табыс, еңбек өнімділігі, урбанизация деңгейі, қаржы нарығы бойынша Қазақстан әзірге сенімді түрде алда. 
Цифрландыру мәселесінде де жағдай ұқсас. E-gov, цифрлы қызметтер туралы көп айтылады. Алайда жүйелік тұрғыдан алғанда, Өзбекстандағы цифрландыру әкімшілік бақылаудан толық арылған жоқ. Қазақстанда бұл процесс қоғам мен бизнеске әлдеқайда терең сіңіп, экожүйелік деңгейге шыққан. Тіпті, еуропалықтардың өзі онлайн, qr арқылы төлемге таңғалып жатады.
Бұл жерде негізгі мәселе Өзбекстанда емес. Көрші елдің реформалар жүргізуге талпынысы түсінікті әрі дұрыс қадам. Қазақстан бұл жолды әлдеқашан жүріп өтті. Сыртқы имиджге, түрлі рейтингтерге сенді. Дегенмен қазір басқару сапасы, ұзақ мерзімді дамуға басымдық береді. Сондықтан Қазақстан аймақтағы күн тәртібін қалыптастырып отырған ел. Ал Өзбекстан соған бейімделіп, біздің жүріп өткенімізді саралап, барынша дамып келе жатқан мемлекет.

Айбар Олжаевтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

Другие новости

Праздник спорта в «Анаға құрмет»

Праздник спорта в «Анаға құрмет»

В рамках празднования Наурыза и, в частности, Дня...

  20.03.2026   149
В городе Конаев ведётся строительство системы очистки сточных вод

В городе Конаев ведётся строительство системы очистки сточных вод

В Алматинской области продолжается реализация инфр...

  19.03.2026   225
Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүргізілуде

Алматы облысы Қонаев қаласында кәріз тазарту жүйес...

  19.03.2026   193
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жасалмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда Қ...

  19.03.2026   151
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.