Воскресенье, 01 Ноября 2026

Алматы облысында балық зауыты ашылды

Алматы облысында балық зауыты ашылды

Алматы облысының Жамбыл ауданында «Kargaly Fish» балық шаруашылығы іске қосылды. Бұл кәсіпорында жылына 200 тоннаға дейін ханбалық (форель) және бекіре тұқымдас балықтар өсіріледі. Жобаның жалпы құны – 450 миллион теңге. Шаруашылықта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кешеннің ашылу рәсіміне Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы қатысып, жаңа нысан өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға бағытталған ауқымды жұмыстардың бірі екенін атап өтті.

«Үкімет қаулысымен бекітілген 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірде инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір облыста тауарлы балық өсірумен 53 шаруашылық айналысады. Олардың жалпы өндірістік қуаты – 11 мың тонна. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығы жыл сайын артып келеді», – деді ол.

Кәсіпорында тұйық сумен жабдықтау қондырғысы орнатылған. Көпсатылы сүзгіден өткізу, озондау және ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру жүйелері енгізілген. Бұл аурулардың алдын алып, экологиялық таза әрі сапалы өнім алуға мүмкіндік береді. Яғни су сапасы, оттегі мөлшері, температура мен санитарлық жағдай тұрақты бақылауда болады.

Бақытнұр Бақытұлының айтуынша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап балық өсіру саласында мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізіліп, акваөсіруді дамыту үшін арнайы субсидия қарастырылған. Сонымен қатар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктері кеңейтілуде. Өткен жылы бұл салаға жергілікті бюджеттен 380 миллион теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. Ал биыл 315 миллион теңге қаржы қарастырылған.

Жаңа кешен – Алматы облысында балық өсіру ісінің қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Бұл жоба өңір экономикасын ілгерілетуге, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отандық балық өнімдерінің көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Alatau Hub стартовал хакатон Decentrathon 6.0

В Конаеве, на площадке Alatau Hub, 30 октября стар...

  31.10.2026   159
Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Alatau Hub алаңында Decentrathon 6.0 хакатоны басталды

Қонаев қаласында, Alatau Hub алаңында 30 қазанда D...

  31.10.2026   155
«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

«Алмалы өнімдері»: Қонаев қаласында жаңа сауда сөресі ашылды

Қонаев қаласындағы «Айша Сити» базарында «Алмалы»...

  31.10.2026   147
«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

«Алмалы өнімдері»: в городе Қонаев открылся новый торговый павильон

На рынке «Айша Сити» в городе Қонаев открылся пави...

  31.10.2026   159
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.