Пятница, 03 Апреля 2026

Егіс алқаптарына соқа түсті

Егіс алқаптарына соқа түсті

Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қарқынды кірісіп кетті. Биыл ауа райының қолайлы болуынан егістік ертерек басталған, –деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековтың айтуынша, биыл аудан бойынша 106,4 мың гектар жерге дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1702 гектарға көп.

Оның ішінде 50 мың гектардан астам алқапқа дәнді дақыл, 46 мыңнан астамына мал азығы, 5500 гектар жерге майлы дақылдар және қалған аумаққа картоп, көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Көктемгі егіс науқанына 1065 техника жұмылдырылды. Оның 75 пайызы жаңартылған.

«Топырақ құнарын арттыру үшін барлық егіс алқабына 13,6 мың тонна минералды тыңайтқыш керек. Қазіргі таңда оның 4200 тоннасы сатып алынды. Биыл аудан бойынша 13,3 мың тонна тұқым себіледі. Сондай-ақ қазіргі таңда тұқым өндіру бағыты бойынша жұмыстар қолға алынуда. Мысалы, Бозой ауылының шаруашылығы майлы дақыл мен жүгерінің тұқымын өндірумен айналысуды жоспарлап отыр. Құжаттарын толық рәсімдегеннен кейін іске қосылады», – деген агроном арзандатылған жанар-жағармай алу жайына да тоқталды. Айтуынша, биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстары үшін 46 шаруадан жалпы көлемі 751 тонна дизель отынына өтінім түскен. Шаруалар қажетті жанармайды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатып алады.

Шаруашылық иелері тамшылатып және жаңбырлатып суғару технологиясын пайдалануға бет бұрып келеді. Ауданда барлығы 22 мың гектар суармалы жер бар болса, бүгінде оның тең жартысына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Биыл тағы 1500 гектар аумақ қосылады деп жоспарлануда. Ол үшін мемлекеттен арнайы субсидия бөлінеді.

Другие новости

В Жамбылском районе началась весенняя посевная кампания

В Жамбылском районе началась весенняя посевная кампания

Сельхозтоваропроизводители Жамбылского района акти...

  03.04.2026   68
Егіс алқаптарына соқа түсті

Егіс алқаптарына соқа түсті

Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстары...

  03.04.2026   80
Апрель открывает сезон

Апрель открывает сезон

Апрель в сельском хозяйстве по праву называют меся...

  01.04.2026   250
Экзамен для фермеров

Экзамен для фермеров

Весна - это экзамен животноводов на прочность. От...

  30.03.2026   301
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.