Воскресенье, 06 Сентября 2026

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА ТАҢҒЫ 4-ТЕН БАСТАП ӨҢДЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ: ІЛЕ АУДАНЫНДА ТАҢҒЫ 4-ТЕН БАСТАП ӨҢДЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Іле ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытындағы ауқымды химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Биыл аудан аумағында шегіртке тұқымдастарына қарсы жалпы көлемі 25 395 гектар жер өңделеді.
Жоспарға сәйкес, саяқ шегірткеге қарсы 15 795 гектар аумақ қамтылса, оның 8 000 гектары әуе техникасымен, 7 795 гектары жер үсті техникасымен өңделеді.
Сонымен қатар, үйірлі шегірткеге, оның ішінде итальяндық прусқа қарсы 9 600 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланған. Оның 6 800 гектары әуе техникасымен, 2 800 гектары жер үсті техникасымен атқарылады.
Қазіргі таңда, Қараой ауылдық округінде жұмыстар қарқынды жүруде. 
Бүгінгі күнге дейін:
— жер үсті техникасымен 3 320 гектар;
— әуе техникасымен 2 990 гектар жер өңделді. Жалпы көлемі — 6 310 гектар.
Сондай-ақ, итальяндық прусқа қарсы 1 800 гектар аумаққа химиялық өңдеу жүргізілді.
Аталған жұмыстар күн сайын таңғы сағат 04:00-ден бастап Іле ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының тікелей қадағалауымен жүзеге асырылуда.
Фитосанитарлық қауіпсіздік — ауданның тұрақты бақылауындағы маңызды бағыттардың бірі.

Другие новости

Пять миллионов – за идею

Пять миллионов – за идею

В Казахстане продолжается реализация программы «Од...

  27.08.2026   645
Время жаркой страды

Время жаркой страды

В поле третьей бригады ТОО «Агрофирма «Бірлік» сей...

  21.08.2026   1116
Технологии против засухи

Технологии против засухи

В условиях глобального изменения климата и растуще...

  21.08.2026   1097
Капельное орошение делает чудеса

Капельное орошение делает чудеса

В аул Бозой я приехал рано утром, но меня уже встр...

  19.08.2026   1238
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.