Понедельник, 02 Ноября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ЕГІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Іле ауданында 2026 жылғы егін жинау науқаны жоспарға сәйкес қарқынды жалғасуда. Биыл алдын ала қалыптастырылған егістік құрылымына сәйкес аудан бойынша 53 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.

Атап айтқанда, 14 654,5 гектарға дәнді дақылдар, 7 327 гектарға майлы дақылдар, 745 гектарға картоп, 1 623 гектарға көкөніс, 542 гектарға бақша дақылдары және 28 176 гектарға мал азықтық дақылдар егілді.

Бүгінде егін жинау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қазіргі таңда масақты дәнді дақылдардың 10 139 гектары орылып, оның ішінде 4 150 гектар күздік бидай және 5 989 гектар күздік және жаздық арпа жиналды. Жалпы астық түсімі 18,4 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар көкөніс пен бақша дақылдарының 421 гектары жиналып, 13,1 мың тонна өнім алынды.

Аудандағы өнімді шаруашылықтардың бірі - «ЖЕР-КАНАТЫ» ЖШС. Шаруашылық 2003 жылдың 26 мамырында құрылып, бүгінде аралас ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығы бағытында жұмыс істейді.

Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 1 600 гектарды құрайды. Биылғы өнімге 200 гектар күздік бидай, 60 гектар күздік арпа және 400 гектар мақсары егілген. Жалпы егіс алқабы 660 гектарды құрайды. Кәсіпорында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Іле ауданында егін жинау науқаны тұрақты бақылауда. Диқандардың еңбегін қолдау, ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Другие новости

Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты

Қазақстанның аграрлық экспортындағы өңделген өнімнің үлесі 54%-дан асты

Қазақстанда қосылған құны жоғары агроөнеркәсіптік...

  01.11.2026   131
Доля переработанной продукции в аграрном экспорте Казахстана превысила 54%

Доля переработанной продукции в аграрном экспорте Казахстана превысила 54%

В Казахстане последовательно наращиваются объемы э...

  01.11.2026   137
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруа...

  01.11.2026   99
Казахстан делает ставку на повышение урожайности и технологическую модернизацию сельского хозяйства

Казахстан делает ставку на повышение урожайности и технологическую модернизацию сельского хозяйства

Министерство сельского хозяйства продолжает систем...

  01.11.2026   129
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.