Среда, 22 Октября 2025

«Бірлік» фестивалі: Қонаев қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті

«Бірлік» фестивалі: Қонаев қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауқымды іс-шаралар өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне және «Таза Қазақстан» мемлекеттік акциясы аясында Шеңгелді ауылында 10 мың ағаш отырғызылды. Бұл экологиялық бастама – Алматы облысындағы алғашқы орман-климаттық жобаның бір бөлігі. Ол тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіруге және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Мерекелік іс-шаралар Қонаев қаласында жалғасын тапты. Қаланың шетінде жаңа жасыл белдеу іргетасы қаланды. Жобаның мақсаты – көміртек ізін азайтып, тұрақты орман экожүйесін қалыптастыру.

Қала орталығындағы алаңда этномәдени көрме ұйымдастырылды. Қазақ, шешен-ингуш, кәріс, татар-башқұрт, орыс, ұйғыр, түрік және тәжік диаспораларының өкілдері ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын ұсынып, «Ауыл шеберлері» этноаймағында шеберлік сабақтарын өткізді.

Фестиваль Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды құттықтады:

– «Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – достықтың, өзара түсіністік пен келісімнің нышаны. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді халқымыз. Этностар арасындағы ауызбіршілік пен сыйластықтың арқасында еліміз дамып, алға басып келеді. Қазақстанның басты жетістігі – ұлтаралық келісім. Біз оны сақтап, нығайта білуіміз керек», – деді аймақ басшысы.

Мерекенің маңызды сәттерінің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдарды табыстау болды. Бұл марапатты 17 этномәдени бірлестіктің белсенді мүшесі иеленді.

Бағдарлама ұлттық киімдер шеруімен және Б.Соқпақбаев атындағы саябақта өткен «Бірлік жүгіруімен» аяқталды. 300-ге жуық адам қатысқан бұл спорттық бастама бірлік идеясының – тек мәдени құндылық емес, өмір салты екенін айқындады.

Другие новости

Ровесники независимости: поколение, выросшее вместе с Казахстаном

Ровесники независимости: поколение, выросшее вместе с Казахстаном

25 октября в стране отмечается День Республики — о...

  21.10.2025   123
Уникальный дар толерантности

Уникальный дар толерантности

День республики – один из важнейших государственны...

  21.10.2025   193
Будущее в наших руках

Будущее в наших руках

Для нового поколения День Республики - символ неза...

  21.10.2025   150
Прочный фундамент страны

Прочный фундамент страны

Декларация о государственном суверенитете - докуме...

  21.10.2025   158
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.