Воскресенье, 27 Сентября 2026

Абай – жүрегімнің ақыны

Абай – жүрегімнің ақыны

Сәлеметсіздер ме! Менің атым - Аяу, жасым он екіде. Мен үшін Абай Құнанбайұлы жай ғана ақын емес, ол – үлкен жүректі, дана, барлық қазақ баласына үлгі бола алатын тұлға.
Абай атамыздың өлеңдерін алғаш рет 3-сыныпта мұғаліміміз оқып бергенде тыңдадым. Сол кезде оның сөздері жүрегіме ерекше әсер етті. Ол тек өлең жазып қана қойған жоқ, адамға қалай өмір сүру керек екенін де үйретіп кеткен. Ол: «Ғылым таппай мақтанба», «Бес нәрседен қашық бол», -  деп бізге жақсы мен жаманды ажырата білуді үйретті.
Маған оның «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс», «Жаз», «Адам болам десеңіз» сияқты өлеңдері қатты ұнайды. Әсіресе «Қыс» өлеңіндегі суреттеу күшті мен оны оқығанда дәл сол аязды, қатты қысты көз алдыма елестетемін.
Мен биыл Абай оқуларына қатысып, оның өлеңін жатқа айттым. Қатты қобалжыдым, бірақ сахнада тұрған кезде Абайдың өзі маған күш бергендей сезіндім. Мен жеңімпаз болдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш болды.
Абай – бізге жол көрсететін шамшырақ. Оның қара сөздері мен өлеңдері әлі де талай ұрпаққа үлгі болады. Мен Абайды жақсы көремін және оның сөздерін жүрегімде сақтаймын. Абай – менің мақтанышым!

Айару Серікбол,
Ұйғыр ауданы
«Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ, 
7 «А» сынып оқушысы.

Другие новости

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

В преддверии Дня города аким Конаева Асхат Бердиха...

  21.09.2026   285
В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве в честь Дня города с 21 по 26 сентября п...

  20.09.2026   309
Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күніне орай 21–26 қыркүйек аралығынд...

  20.09.2026   273
Семья как большое богатство

Семья как большое богатство

Согласитесь, ребенок, выросший в полноценной семье...

  13.09.2026   870
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.