Воскресенье, 28 Декабря 2025

Абай күні

Абай күні

Алматы облысында ұлт ұстазы Хәкім  Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында  өңірдің 119 мәдениет үйі мен 144 кітапханасы, 15 музейінде жыл басынан бері 30 мыңға жуық адамның қатысуымен 146-ға тарта кездесу, концерт, көрме және әдеби акциялар ұйымдастырылды.

10 тамыз күні Қонаев қаласындағы Абай ескерткіші алдында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған облысымыздың зиялы қауым өкілдері   гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.Өңір басшысы құттықтау сөз сөйлеп,  артынан облыс өнерпаздары ұлы ақынның әндерін орындады.

Мерейтойлық бағдарламада Алматы облысының ерекше сыйы да орын алды. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай Алматы облысы  Абай еліне «Алтын адам» мүсінін тарту етеміз. Бұл қадам – құрмет пен достықтың белгісі, сондай-ақ екі өңір арасындағы рухани байланысты нығайтудың  басты символы болады.

Абай облысында мерейтойға орай Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Секен Тұрысбековтің жетекшілігімен «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі және Алматы облысының әртістерінің  қатысуымен «Абай жолы» атты үлкен рухани концерт берді. Бұл шара көрермендер үшін ұлы ақын шығармашылығы әлеміне жасалған үлкен рухани саяхатқа айналды.

«Абай – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлем тамсана қарайтын ұлы тұлға. Оның сөзі бүгінде бар халықты шабыттандырып, кемелдендіреді. Біз алдағы уақытта да Абай шығармашылығын жастар арасында кеңінен насихаттай береміз», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Другие новости

Яркие краски - к Новому году

Яркие краски - к Новому году

До наступления 2026 года остаются считанные дни, и...

  26.12.2025   283
Мастера переменного тока

Мастера переменного тока

В профессиональный праздник - День энергетика сост...

  22.12.2025   247
Новогодние огоньки чудес

Новогодние огоньки чудес

До Нового года остались считанные дни, и совсем ск...

  20.12.2025   371
Старейшины - опора молодых

Старейшины - опора молодых

В свете геополитических изменений последних лет ра...

  17.12.2025   452
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.