Понедельник, 27 Июля 2026

Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы

Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы

Құрметті мұнай және газ саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз- Мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ жерінің қазынасына айналған мұнай мен газ–ел игілігінің, халық тұрмысының және мемлекет қуатының негізі. Осы орайда Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жоғары кәсібиліктеріңіздің арқасында еліміздің, соның ішінде Алматы облысының да әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосылып келеді.

Облыста елді мекендерді газдандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Бүгінде өңірдегі 284 елді мекеннің 158-і (55,3%) газбен қамтылып, 1,2 миллионнан астам тұрғын (77%) табиғи газ тұтынып отыр. Бұл – Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде халыққа жасалған зор қолдау мен үлкен қамқорлықтың айқын көрінісі.

2024 жылы 17 елді мекенге газ тартылып, 40 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс сапасы жақсарды. Алдағы уақытта тағы 18 елді мекенді газдандыру жобасы дайындалуда. Бұл жобалар аясында 600-ден астам уақытша және 20 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, 2025 жылы 14 елді мекенге газ желісін тартуға 11 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін облысымызда 169 елді мекен газбен қамтылып, өңірдегі газдандыру деңгейі 59,5%-ға жететін болады.

Құрметті сала мамандары!
Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен жанкешті еңбектеріңіздің арқасында газ саласы тұрақты дамып, халықтың тұрмыс сапасы артып келеді. Осы игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, амандық, отбастарыңызға бақ-береке, жұмыстарыңызға жаңа табыс тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті болып, әрбір жетістіктеріңіз елдің дамуына үлес қоса берсін!

Другие новости

20 лет истории и памяти: как развивается Национальный архив Казахстана

20 лет истории и памяти: как развивается Национальный архив Казахстана

В Казахстане последовательно развивается архивное...

  20.07.2026   359
Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығы кең көлемде тойланып жатыр

Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығы кең көлемде тойланып жатыр

Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығы кең...

  10.07.2026   1396
Чествуя ветеринарную службу

Чествуя ветеринарную службу

В Алматинской области состоялось торжественное мер...

  10.07.2026   1342
Более 29 тыс. человек трудятся в водохозяйственной отрасли Казахстана

Более 29 тыс. человек трудятся в водохозяйственной отрасли Казахстана

9 июля в Казахстане отмечается День работников вод...

  09.07.2026   1299
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.