Суббота, 26 Сентября 2026

Іле ауданында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

Іле ауданында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен мерекелік қабылдауға мәдениет саласының ардагерлері, кітапхана қызметкерлері, өнер ұжымдарының жетекшілері мен аудан өнерпаздары қатысты.

Салтанатты жиында Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов мәдениет пен өнер – ұлт руханиятының алтын қазығы екенін атап өтіп, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

— Мәдениет пен өнер – халықтың рухани айнасы. Сіздер ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ауданымыздың мәдени өмірін дамытуға үлкен үлес қосып келесіздер. Өнер мен мәдениетке жанашырлық танытып жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін, — деді аудан әкімі.

Жиын барысында ауданның мәдениет саласын дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Сонымен қатар, мәдениет саласының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, ізгі тілектер айтылды.

Бүгінде Іле ауданында 5 мәдениет үйі, 11 кітапхана жұмыс істейді. Салада 130-дан астам мәдениет қызметкері еңбек етеді. Өткен жылы жаңа мәдениет нысандары ашылып, шығармашылық ұжымдарға қолдау көрсетілсе, биыл Боралдай кентіндегі 280 орындық жаңа мәдениет үйін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, жиында аудан өнерпаздарының республикалық және халықаралық деңгейдегі жетістіктері ерекше аталып өтті. Атап айтқанда, Ақши халық театры мен халықтық «Сарытауқұм» ән-би ансамблі республикалық байқауда бас жүлде иеленсе, аудан өнерпаздары халықаралық мәдени жобаларда өңір абыройын асқақтатып келеді.

Шара соңында мәдениет саласының қызметкерлері естелік суретке түсіп, мерекелік қабылдау жоғары деңгейде қорытындыланды.

Другие новости

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

В преддверии Дня города аким Конаева Асхат Бердиха...

  21.09.2026   278
В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве в честь Дня города с 21 по 26 сентября п...

  20.09.2026   301
Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күніне орай 21–26 қыркүйек аралығынд...

  20.09.2026   264
Семья как большое богатство

Семья как большое богатство

Согласитесь, ребенок, выросший в полноценной семье...

  13.09.2026   838
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.