Суббота, 26 Сентября 2026

«Менің туым – менің мақтанышым» патриоттық челленджі өтті

«Менің туым – менің мақтанышым» патриоттық челленджі өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Менің туым – менің мақтанышым» атты патриоттық құттықтау челленджі өткізілді.
Аталған шараға Балқаш ауданының ауылдық округтеріндегі жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар белсенді қатысып, Мемлекеттік Туға деген құрметі мен мақтаныш сезімдерін бейнероликтер арқылы жеткізді. Челлендждің басты мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.
Шара барысында қатысушылар көк байрағымыздың тәуелсіз еліміздің басты нышаны екендігін атап өтіп, оның халқымыздың бірлігі мен болашаққа деген сенімінің белгісі екенін жеткізді. Сонымен қатар, жастар Қазақстанның жетістіктері мен жарқын болашағының негізінде елге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиеттер жатқанын ерекше атап өтті.
"Мемлекеттік Ту – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен рухтың символы. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың елжандылық қасиеттерін қалыптастырып, мемлекеттік рәміздердің маңызын кеңінен насихаттауға ықпал етеді",- дейді жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы “Бақбақты ауылдық округі әкімінің аппараты ММ” Аида Көптілеу.  
«Менің туым – менің мақтанышым» челленджі аудан жастарының белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың туған елге деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте айқындаған маңызды патриоттық бастама болды.

Өз тілшіміз, Балхаш ауданы

Другие новости

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

Асхат Бердиханов в преддверии Дня города посетил музей Д.А. Кунаева

В преддверии Дня города аким Конаева Асхат Бердиха...

  21.09.2026   278
В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве День города будут отмечать в течение шести дней

В Конаеве в честь Дня города с 21 по 26 сентября п...

  20.09.2026   299
Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күні алты күн бойы атап өтіледі

Қонаевта қала күніне орай 21–26 қыркүйек аралығынд...

  20.09.2026   264
Семья как большое богатство

Семья как большое богатство

Согласитесь, ребенок, выросший в полноценной семье...

  13.09.2026   826
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.