Четверг, 01 Октября 2026

Алматы облысында «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті

Алматы облысында «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қонаев қаласының орталық саябағында «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» фестивалі ұйымдастырылды. Шараны «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалы өткізді.

Мерекелік бағдарламаға аға буын өкілдері, жастар, қала тұрғындары мен партия белсенділері қатысты.

Орталық саябақта бірнеше ойын алаңы жұмыс істеді. Қонақтар тоғызқұмалақ, асық ату және өзге де ұлттық ойындарға қатысып, түрлі сайыстарда бақ сынады. Аға буын мен жастар бір команда болып ойын ойнап, еркін форматта әңгімелесті.

Шараның бір бөлігі ретінде «Бауырсақ FEST» өтті. Қатысушыларға бауырсақ ұсынылып, дастарқан басында қариялар жастармен өмірлік тәжірибесі, еңбек жолы мен отбасылық құндылықтар туралы ой бөлісті.

Фестивальге «Әділет» партиясының жастар қанаты да атсалысты. Жас белсенділер ойын алаңдарының жұмысына көмектесіп, аға буын өкілдерімен бірге бағдарламаларға қатысты.

Шараға келген ақсақалдардың бірі ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

«Біз үшін ең маңыздысы – көңіл бөліп, жастармен бірге бас қосуға мүмкіндік бергені. Бүгін әңгімелестік, ойындарға қатыстық, жақсы көңіл күй сыйлады. Осындай кездесуді ұйымдастырған «Әділет» партиясына алғысымды білдіремін», – деді Айтмұхамбет Байназаров.

«Әділет» партиясы Алматы облыстық филиалының басшысыДанияр Қасқарауов мұндай кездесулердің мәні тек мерекелік бағдарламамен шектелмейтінін атап өтті.

«Аға буынның жинаған тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жастар үшін құнды. Біздің мақсатымыз – үш буынның бір-бірімен еркін араласып, тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Ұлттық дәстүр мен үлкенге құрмет сөзбен емес, осындай ортақ істер арқылы жалғасуы керек», – деді Данияр Қасқарауов.

Айта кетейік, «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» бастамасының негізгі идеясы – аға, орта және жас буын арасындағы байланысты нығайтып, өмірлік тәжірибе мен ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Другие новости

Забота и уважение: в Алматинской области отметили Международный день пожилых людей

Забота и уважение: в Алматинской области отметили Международный день пожилых людей

В связи с празднованием 1 октября — Международного...

  01.10.2026   70
Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай...

  01.10.2026   58
В Конаеве наградили представителей старшего поколения

В Конаеве наградили представителей старшего поколения

В Конаеве отметили Международный день пожилых люде...

  01.10.2026   63
Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаев қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күн...

  01.10.2026   60
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.