Четверг, 01 Октября 2026

Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бахытұлы Қонаев қаласында орналасқан «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы барды. Қариялар мен еңбек ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтаған облыс басшылығының өкілі үлкендерге деген ізгі тілегін білдіріп, ізгілік пен ізетке толы кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қуаныш Бахытұлы аға буын өкілдерінің еліміздің дамуына, өңірдің өркендеуіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

«Қарттарын қадірлеген елдің болашағы баянды. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-парасаттарыңыз – кейінгі ұрпақ үшін таптырмас мектеп. Әрбір шаңыраққа амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін», – деді облыс әкімінің орынбасары өз құттықтауында.

Сондай-ақ, шара аясында орталықта қызмет алып жатқан аға буын өкілдеріне мерекелік сый-сияпаттар табысталды. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама мен жылы жүзді жүздесу «Шарапат» орталығының тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше ықылас сыйлады.

Өз кезегінде орталықтағы қариялар көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін облыс басшылығына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен ауызбіршілігі үшін ақ баталарын берді.
Бұл күн – жай ғана мереке емес, аға буынға деген шексіз құрмет пен әлеуметтік қолдаудың айқын көрінісі болды. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай қолдаулар мен қамқорлық шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Другие новости

Забота и уважение: в Алматинской области отметили Международный день пожилых людей

Забота и уважение: в Алматинской области отметили Международный день пожилых людей

В связи с празднованием 1 октября — Международного...

  01.10.2026   77
Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай...

  01.10.2026   65
В Конаеве наградили представителей старшего поколения

В Конаеве наградили представителей старшего поколения

В Конаеве отметили Международный день пожилых люде...

  01.10.2026   68
Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаев қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күн...

  01.10.2026   65
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.