Четверг, 01 Октября 2026

Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаев қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Іс-шара барысында қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласып, шаһардың дамуына өз үлесін қосқан бірқатар ардагерге Қонаев қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Салтанатты кеште шаһар басшысы Асхат Бердіханов аға буын өкілдерін айтулы күнмен құттықтап, олардың ел дамуына қосқан еңбегіне тоқталды.

«Қарттар күні – аға буынға деген құрметті айшықтайтын ерекше мереке. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен еңбектеріңіз кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге. Қаламыздың бүгінгі жетістіктерінде сіздердің де еңбектеріңіз бар. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін», – деді қала әкімі.

Іс-шарада алғашқы құрылысшы, зейнеткер ұстаз, медицина және полиция саласының ардагерлері, коммуналдық сала қызметкері, көпбалалы ана, сондай-ақ Аналар кеңесінің мүшесі секілді әр салада еңбек еткен азаматтар марапатталды.

Олардың қатарында Роза Ким, Светлана Джумаджанова, Сағира Бакибаева, Алия Уалиева, Нұрипа Қайықпаева, Гүлай Искендирова және Күләш Мусекенова бар.

Кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, қала өнерпаздары аға буын өкілдеріне арнап ән-күйден шашу шашты.

Другие новости

Забота и уважение: в Алматинской области отметили Международный день пожилых людей

Забота и уважение: в Алматинской области отметили Международный день пожилых людей

В связи с празднованием 1 октября — Международного...

  01.10.2026   77
Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

Қамқорлық пен құрмет: Алматы облысында Халықаралық қарттар күні атап өтілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай...

  01.10.2026   65
В Конаеве наградили представителей старшего поколения

В Конаеве наградили представителей старшего поколения

В Конаеве отметили Международный день пожилых люде...

  01.10.2026   69
Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаевта ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер марапатталды

Қонаев қаласында 1 қазан – Халықаралық қарттар күн...

  01.10.2026   66
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.