Суббота, 10 Октября 2026

Ауданымызда алғаш рет пластик жәшік шығаратын цех ашылды

Ауданымызда алғаш рет пластик жәшік шығаратын цех ашылды

Ауданымызда алғаш рет пластик жәшік өндіретін өндірістік цех іске қосылды. Қайта өңделген пластиктен сапалы жәшік құйып шығаратын бұл кәсіпорын жылына 600 мың дана өнім өндіруге қауқарлы. Жобаны жүзеге асыруға 50 миллион теңге қаражат жұмсалып, нәтижесінде 10 жаңа жұмыс орны ашылды.  

Заманауи технологиялармен жабдықталған цехтың өнімдері беріктігімен және экологиялық тазалығымен ерекшеленеді. Барлық тасымалдау және сақтау талаптары қатаң сақталған. Қазіргі өндірістік қуатының арқасында кәсіпорын ауданның жәшікке деген сұранысының 50%-ын қамтамасыз ете алады.  

Алдағы уақытта өндіріс ауқымын кеңейту жоспарда бар. Цехқа қосымша бір аппарат орнатылып, өнім көлемін жылына 1,2 миллион данаға дейін ұлғайтып ауданды толығымен жәшікпен қамтамасыз ету көзделуде. Бұл жоба аймақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және пластик қалдықтарын тиімді пайдалануға ықпал етпек.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Большой проект начинается у фермера

Большой проект начинается у фермера

Строящийся в Алматинской области завод PepsiCo ста...

  09.10.2026   124
Город ищет баланс между заводом и курортом

Город ищет баланс между заводом и курортом

Инвестиционный портфель города Қонаев рассчитан да...

  09.10.2026   115
Не все рабочие места создают гиганты

Не все рабочие места создают гиганты

Разговор об экономике Алматинской области часто на...

  09.10.2026   115
Товар идет за границу активнее

Товар идет за границу активнее

За первое полугодие 2026 года взаимная торговля Ал...

  09.10.2026   134
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.